Халықаралық зерттеулер - КГУ СОШ № 17 http://semey-17.edu.kz/ ru Халықаралық зерттеулер - КГУ СОШ № 17 DataLife Engine Мектебіміздің оқушылары PISA халықаралық зерттеуіне қатысты http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/587-mektebmzd-oushylary-pisa-halyaraly-zertteune-atysty.html http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/587-mektebmzd-oushylary-pisa-halyaraly-zertteune-atysty.html   13.11.2017 жылы Семей қаласындағы №17 ЖОББМ мектебінде  кезекті 9-сынып оқушыларымен олардың ішінде 15 жас 2 ай 16 жас 3 ай аралығындағы  мектеп оқушылары  PISA  халықаралық  зерттеуі  өтті.   Оқушылар  екі сағат тест (70 сұраққа жауап жазды) тапсырып, 35 минут сауалнама толтырды. Сауалнаманың арасында 15 минуттық үзіліс берді. Оқушылардың орындауы бойынша тапсырмалар саны  жаратылыстану бағыты бойынша басым болды. Оқушыларға берілген тапсырмада сызба, диаграмма, тест, логикалық сұрақтар қамтылды. 

]]>
admin Mon, 13 Nov 2023 14:33:23 +0600
PIRLS, TIMSS,PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстардың барысы http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/565-pirls-timsspisa-halyaraly-zertteune-dajyndy-zhmystardy-barysy.html http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/565-pirls-timsspisa-halyaraly-zertteune-dajyndy-zhmystardy-barysy.html       №17  орта  мектебінде  өткен  PISA  халықаралық  зерттеуіне даярлық  тестінің  қорытындысы. 2023  жылдың  24  қазан  айында  мектебімізде ОЖСБ – ға  дайындық   тесті  өтті.  Барлық  46  оқушының  38  оқушысы  қатысты.  
       Семей қаласы,  №17 ЖОББМ 2023-2024  оқу жылдарында  жасалған Халықаралық білім беру кеңістігінде
PIRLS,TIMSS.PISA.ICCS оқушылардың білім нәтижелерін бағалап зерттеуге  дайындықтары   жөнінде  
анықтамасы жасалды.   Жалпы,  мектебімізде  890  оқушы  оқыса,  бастауыш  сыныпта  барлығы  367  оқушы  оқиды (4-сыныптарда  98  оқушы), 5-9 сыныптар  аралығында  433  оқушы  оқыса, 8 – 9 сыныптарында 184 оқушы  отыр.  Жалпы  халықаралық   білім  алу  нәтижелерін  зерттеуде  көбінесе 4,8,9-сынып  оқушыларының  білімді  игеруі  зерттеледі, яғни 8-9 жас,14-16 жас аралықтары.Мектепте  халықаралық   білім  алу  зерттеуіне  дайындық  жыл сайын  жаңартылып отырған  жоспар бойынша  жүзеге асады.  Пән  мұғалімдері,  сынып жетекшілері  жұмыс жоспарларын  жасап, сол жоспарлары бойынша үздіксіз  бақылау жасап,  анықтамаларында  жұмыс  қорытындылары  көрсетіліп отырады.  Тест жұмыстары, анкеталық тапсырмалар, логикалық жұмыс түрлерін  қолданып,  түрлендіріп, оқушылардық  қызығушылықтарын арттырып,  білімдерін  көтеруде. 

Google disk]]>
admin Fri, 27 Oct 2023 15:55:02 +0600
Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасына (PISA) дайындық жұмыстары http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/511-halyaraly-oushy-abletn-baalau-badarlamasyna-pisa-dajyndy-zhmystary.html http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/511-halyaraly-oushy-abletn-baalau-badarlamasyna-pisa-dajyndy-zhmystary.html       Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасына (PISA) дайындық жүргізілуге байланысты  9-10-11-сынып (15,2-16,3 ай аралығындағы)  оқушылары тест тапсырмаларын орындады. 

]]>
admin Thu, 26 Oct 2023 15:48:40 +0600
PISA халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/561-pisa-halyaraly-zertteune-oushylardy-dajyndau.html http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/561-pisa-halyaraly-zertteune-oushylardy-dajyndau.html      PISA халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау мақсатында мектеп психологтары зерттеуге түсетін оқушылармен дайындық жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін реформалау құзырлылық ұстанымына және әлемдік білім беру кеңістігіндегі оқытудың озық әдістемелері мен амал-тәсілдеріне негізделген. 
      PISA халықаралық зерттеуі оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал. Бұл жаста көп елде мектептегі  міндетті білім тәмамдалады.  PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.  РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. 

]]>
admin Wed, 11 Oct 2023 10:25:40 +0600
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу және Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы (PISA) туралы http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/498-blm-alushylardy-blm-zhetstkterne-monitoring-zhrgzu-zhne-halyaraly-oushy-abletn-baalau-badarlamasy-pisa-turaly.html http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/498-blm-alushylardy-blm-zhetstkterne-monitoring-zhrgzu-zhne-halyaraly-oushy-abletn-baalau-badarlamasy-pisa-turaly.html Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
      1. Осы Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш және негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
   2. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.
      3. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
     4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру нәтижелерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
   5. Қағидалар меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, түріне қарамастан, орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылады.
2-тарау. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібі
6. Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізіледі.
7. ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.
8. ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі.
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші курс және (немесе) кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша үшінші курс білім алушыларының арасында жүргізіледі.
10. ББЖМ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде жүргізіледі.
11. Тестілеу жыл сайын сәуір айында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының базасында және қараша айында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
12. ББЖМ-ға үйде (денсаулық жағдайы бойынша) немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балаларға арналған санаторийлік үлгідегі сауықтыру мекемелерінде білім алушылардан, сондай-ақ тестілеу кезінде объективті себептермен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туыстары қайтыс болған жағдайда, жарыстар мен олимпиадаларға қатысуына байланысты) қатыспаған адамдардан басқа осы Қағидалардың 6 және 9-тармақтарында көрсетілген білім алушылар қатысады.
 13. Білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қатысушылар мен жұршылықты іс-шараға дайындық жұмыстары мен өткізілуі туралы бір ай бұрын хабардар етеді.
 14. ББЖМ жүргізілетін орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды. Білім беру ұйымдары мынадай параметрлер бойынша іріктеледі:
      - аумақтық тиістілігі (қала, ауыл);
    - жалпы білім беретін мекемелердің түрлері (жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мектеп-гимназия, мектеп-лицей);
      - білім алушылар контингенті;
      - оқыту тілі (қазақ/орыс);
      - білім беру ұйымдарының қатысу пайызы (25%).
      Жыл сайын бұл саннан өткен оқу жылдары ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары алынып тасталады.
    Білім беру ұйымдарын іріктеу оларды кездейсоқ іріктеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қалыптастырылған жұмыс тізімін жүктеу нәтижесінде жүзеге асырылады.
15. Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.
16. Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.
17. Білім беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдерінің тізімін бекітеді, оның құрамына облыстық, аудандық білім беруді басқару органдарының өкілдері (жауаптылары), Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерінің өкілдері (бұдан әрі – Министрліктің уәкілетті өкілдер) кіреді.
18. Білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
19. Тестілеу басталғанға дейін Министрліктің уәкілетті өкілі компьютерлік аудиториялардың дайындығын тексереді және тестіленушінің жеке коды бар отырғызу парақтары бойынша тестіленушілерді сәйкестендіруді білім беру ұйымы ұсынған білім алушылардың тізіміне сәйкес жүзеге асырады.
      Тестілеу басталар алдында тестіленушіге сілтеме мен веб-қосымшаға авторизациялау параметрлері беріледі (логин және пароль).
      Министрліктің уәкілетті өкілі білім алушыларға ББЖМ-ны жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
20. Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға сөйлесуге, қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштардағы ақпараттарды пайдалануға тыйым салынады.
      Тестілеуден өту кезінде калькуляторды, анықтамалық әдебиетті (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесінен басқа), электрондық жазба кітапшаларын және қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде мобильді телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануға рұқсат етілмейді.
    Тестіленуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі тестіленушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдап, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тыйым салынған заттың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды, тестіленушінің нәтижелері жойылады.
21. Бөгде адам анықталған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тестілеуге кіргізу немесе тестілеу өткізу кезінде бөгде адамды анықтау актісін жасайды.
22. Тестілеу уақытында аудиторияға Министрліктің уәкілетті өкілі мен ұйым басшысы ғана кіреді.
23.Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға Министрліктің уәкілетті өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға жол берілмейді.
 24. Тестілеу аяқталған соң білім алушылардың нәтижелері компьютердің экранына шығарылады.
25. ББЖМ жүргізілгеннен кейін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау үшін орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тестіленушілері мен педагогтері арасында жасырын сауалнама жүргізіледі.
26. ҰТО уәкілетті орган белгілеген мерзімде тестілеу рәсімін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етеді және ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді жүзеге асырады.
 27. ББЖМ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жеткізіледі және құқықтық салдары болмайды.
 28. ББЖМ нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
 29. ББЖМ нәтижелері бойынша уәкілетті орган білім беру ұйымдарына ол аяқталған күннен кейін үш ай ішінде ББЖМ нәтижелерінің кешенді талдауын, "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған әдістемелік ұсынымдарды жолдайды.
  30. Уәкілетті орган рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдардың пайдалануы және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізу үшін білім беру саласындағы ағымдағы ахуалды бағалауды көрсететін талдамалық есепті қалыптастырады.

          Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы (ағылш. Programme for International Student Assessment, фр. Programme international pour le suivi des acquis des élèves, қысқаша PISA) — Экономикалық  ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2000 жылдардан бері үш жылда бір ұйымдастыратын әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалаудың халықаралық бағдарламасы. PISA бағдарламасының  мақсаты білім берудің әдіснамасы мен нәтижесіне пайдалы әсер ету болатын. Аталған бағдарлама қазіргі әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең ықпалды жобасы болып отыр.

        PISA   жобасының оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау басыңқылығы үш бағыт бойынша жүреді. Олар оқу біліктілігі, математика және жаратылыстану ғылымдарындағы біліктілік. PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселе (сұрақ) қоя білу және шеше білу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланады. Осылайша, халықаралық емтиханға қатысушылардың оқу біліктілігі әрекеттің үш оқу-танымдық түрі бойынша анықталады. Олар жаңарту, қолдану және пайдалану. 
     Зерттеудің үш бағыты бойынша оқушылар сауаттылығын бағалау технологиясы - PISA жобасы қатысушылардың алған білімін қаншалықты экстраполяция (құбылыстың бір бөлігін байқаудан алғна қорытындыларды оның екінші бөлігінде қолдануға саятын ғылыми зерттеу әдіснамасы) жасап, оларды мектептен тыс қолдана алатынын, мәселелер туралы дербес ой жүгіртіп, өзіндің таңдау жасай алуын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы тұрғы заманауи экономикалық тұрмыста академиялық білімді жоғары кәсіби деңгейде қолданатын қоғамды қолдайтыны туралы айғақты көрсетеді.

]]>
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

admin Tue, 12 Sep 2023 14:53:06 +0600
Зачем нужны международные исследования? http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/81-zachem-nuzhny-mezhdunarodnye-issledovanija.html http://semey-17.edu.kz/ou-rds/mezhdunarodnye-issledovanija/81-zachem-nuzhny-mezhdunarodnye-issledovanija.html
]]>

]]>
adminadmin Fri, 10 Jan 2020 13:05:14 +0600