КГУ СОШ № 17 http://semey-17.edu.kz/ ru КГУ СОШ № 17 DataLife Engine «Балдырған» жазғы лагері балалары «Дастан» кинотеатрында http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/quotbaldyranquot-mektep-zhanynday-lager/2049-baldyran-zhazy-lager-balalary-dastan-kinoteatrynda.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/quotbaldyranquot-mektep-zhanynday-lager/2049-baldyran-zhazy-lager-balalary-dastan-kinoteatrynda.html
]]>

2025 жылдың 4 маусымында №17 мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы демалыс лагері аясында демалушылар үшін көңілді әрі танымдық мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Балалар қаладағы «Дастан» кинотеатрына барып, әлемге әйгілі «Лило және Стич» анимациялық фильмін тамашалап қайтты.

Фильм балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Көңілді сюжет пен достық, отбасылық құндылықтар туралы ой қозғайтын оқиға лагерь тәрбиеленушілеріне ерекше әсер сыйлады. Балалар экрандағы оқиғаларды ынта-ықыласпен бақылап, фильм кейіпкерлерімен бірге күліп, кейде толқып отырды.

Киносапардың басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру, жағымды эмоциялар сыйлау болды. Сапар соңында балалар өз әсерлерімен бөлісіп, ұнаған сәттері туралы әңгімеледі.

Мұндай шаралар оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге және ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.




]]>
admin Wed, 04 Jun 2025 12:21:23 +0600
"Балдырған" жазғы лагері Абай мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/quotbaldyranquot-mektep-zhanynday-lager/2048-baldyran-zhazy-lager-abaj-mrazhajyna-tanymdy-sajahat-jymdastyrdy.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/quotbaldyranquot-mektep-zhanynday-lager/2048-baldyran-zhazy-lager-abaj-mrazhajyna-tanymdy-sajahat-jymdastyrdy.html
]]>

2025 жылдың 3 маусымында №17 мектебі жанындағы «Балдырған» жазғы демалыс лагері аясында бастауыш сынып оқушыларына арналған Абай мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды.

Сапардың мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, тарихи-мәдени мұраны дәріптеу арқылы патриоттық тәрбие беру.

Мұражайда балалар Абайдың өмір жолы, отбасы, шығармалары, қолданған заттары мен сол кезеңнің тұрмыс-тіршілігі жайлы мол мағлұмат алды. Экскурсия жетекшілері балалардың қызығушылығын оятып, ақын шығармалары бойынша қызықты мәліметтермен бөлісті.

Іс-шара соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне ұнаған жәдігерлер жайлы әңгімеледі. Бұл саяхат балалардың тарихи санасын қалыптастырып, мәдени дүниетанымын кеңейтуге үлкен септігін тигізді.






]]>
admin Tue, 03 Jun 2025 11:05:40 +0600
📌 Бүгін мектеп жанындағы жазғы лагерьде балалар үшін психологиялық тренинг ұйымдастырылды. http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/quotbaldyranquot-mektep-zhanynday-lager/2046--bgn-mektep-zhanynday-zhazy-lagerde-balalar-shn-psihologijaly-trening-jymdastyryldy.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/quotbaldyranquot-mektep-zhanynday-lager/2046--bgn-mektep-zhanynday-zhazy-lagerde-balalar-shn-psihologijaly-trening-jymdastyryldy.html ]]> Іс-шараның мақсаты – балалардың эмоционалдық интеллектісін дамыту, өзара қарым-қатынасты жақсарту және өзін-өзі тануға ықпал ету.
Психолог мамандар түрлі интерактивті жаттығулар мен ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін арттырды.
Сонымен қатар, балалар шығармашылық жұмыстармен айналысып, қиялдарын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың тұлғалық дамуына және көңілді демалуына оң әсер етеді.]]>
admin Mon, 02 Jun 2025 09:08:20 +0600
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай патронаттағы оқушыға қамқорлық көрсетілді http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/leumettk-pedagog/2047-1-mausym-balalardy-orau-knne-oraj-patronattay-oushya-amorly-krsetld.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/leumettk-pedagog/2047-1-mausym-balalardy-orau-knne-oraj-patronattay-oushya-amorly-krsetld.html
]]>
Бұл игі іс-шара мектеп ұжымының баланың қоғамға толық бейімделуіне және өз-өзіне деген сенімін арттыруына бағытталған жүйелі қолдауының бір көрінісі болды. Сыйлықты табыстау сәтінде Айдос шын жүректен қуанып, мектеп ұжымына алғысын білдірді.
Мектеп әкімшілігі мен Қамқоршылық кеңесі балалардың қуанышты күлкісі мен жарқын болашағы үшін әрқашан қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Бұл шара мектептегі әлеуметтік әділеттілік пен қамқор орта қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.


 ]]>
admin Sun, 01 Jun 2025 09:09:10 +0600
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/brttas/2043-1-mausym-halyaraly-balalardy-orau-knne-arnalan-s-shara.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/brttas/2043-1-mausym-halyaraly-balalardy-orau-knne-arnalan-s-shara.html
]]>

2025 жылғы 1 маусым күні Семей қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кең көлемді мерекелік іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – бала құқықтарын қорғау, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қолдау көрсету және көңілді мереке сыйлау болды.

Іс-шараға мектебміздің оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін, шығармашылық жұмыстарын, ғылыми-танымдық жобаларын ұсынды. Сонымен қатар, «Жеңгелер мектебі» де ерекше үлес қосып, ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында тәрбиелік мәні зор бағдарламалар ұйымдастырды.

Мерекелік бағдарлама аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған көрме ұйымдастырылды, онда оқушылардың қолөнер бұйымдары, суреттері, шығармашылық жобалары мен ғылыми жұмыстарынан тұратын түрлі экспозициялар қойылды. Көрме көпшілік назарына ұсынылып, қонақтардың жоғары бағасына ие болды.

Шараның басты ерекшелігі – балалардың өз таланттарын еркін танытуына мүмкіндік берілуі. Қатысушылар ән салып, би билеп, театрландырылған қойылымдар көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бұл күн балалар үшін тек мереке ғана емес, оларға деген қамқорлық пен мейірімнің жарқын көрінісіне айналды.






 ]]>
admin Sun, 01 Jun 2025 08:13:08 +0600
Семей қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/brttas/2044-semej-alasynda-sajasi-uyn-srgn-rbandaryn-eske-alu-sharasy-tt.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/brttas/2044-semej-alasynda-sajasi-uyn-srgn-rbandaryn-eske-alu-sharasy-tt.html
]]>

Іс-шараға қала әкімдігі, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері, тарихшылар, студенттер мен қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етіп, «Әлихан Бөкейханұлы» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
https://www.instagram.com/p/DKUcymeiGpw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
 ]]>
admin Sat, 31 May 2025 08:49:57 +0600
Қорытынды аттестаттау (11 сынып) http://semey-17.edu.kz/ou-rds/orytyndy-emtihan/2042-orytyndy-attestattau-11-synyp.html http://semey-17.edu.kz/ou-rds/orytyndy-emtihan/2042-orytyndy-attestattau-11-synyp.html ]]> Емтихан басталар сәтте мектеп директоры    Жумаканова Райгуль Ешенгазиновна жас түлектерге лебізін білдіріп, алда тұрған маңызды сынақтан сәтті өтулеріне тілектестік білдірді.  Ол өз сөзінде әр шәкірттің жылдар бойы жинаған білімін сенімді түрде көрсете алатынына сенім білдіріп, ақ жол тіледі.






]]>
admin Fri, 30 May 2025 12:06:26 +0600
«Балдырған» мектеп жанындағы лагерьде Рәміздер күні аталып өтті http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/quotbaldyranquot-mektep-zhanynday-lager/2045-baldyran-mektep-zhanynday-lagerde-rmzder-kn-atalyp-tt.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/quotbaldyranquot-mektep-zhanynday-lager/2045-baldyran-mektep-zhanynday-lagerde-rmzder-kn-atalyp-tt.html
]]>

2025 жылдың 30 мамырында №17 мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы лагері Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің символы.

Іс-шара таңертең Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалумен басталды. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен мәні туралы ақпарат беріліп, викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Балалар өз қолдарымен ту бейнесіндегі аппликациялар жасап, патриоттық әндер шырқап, флешмобқа қатысты.

Мерекелік іс-шарадан кейін лагерь тәрбиеленушілері қалалық биологиялық орталыққа экскурсияға барды. Балалар түрлі жануарлармен танысып, өсімдіктер әлемін тамашалады. Бұл сапар балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетін дамытуға ықпал етті.

Оқушылар ерекше әсермен оралды. Рәміздерге құрмет пен табиғатқа сүйіспеншілік дарытқан бұл күн олардың жадында ұзақ сақталары анық.








]]>
admin Fri, 30 May 2025 08:54:06 +0600
Экологтар күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында 2025 жылғы 05 маусымға арналған іс-шаралар жоспары http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/zhosparlar/2038-jekologtar-kn-men-dniezhzlk-orshaan-ortany-orau-kn-arsaynda-2025-zhyly-05-mausyma-arnalan-s-sharalar-zhospary.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/zhosparlar/2038-jekologtar-kn-men-dniezhzlk-orshaan-ortany-orau-kn-arsaynda-2025-zhyly-05-mausyma-arnalan-s-sharalar-zhospary.html ]]> ]]> admin Thu, 29 May 2025 13:07:03 +0600 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар жоспары http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/zhosparlar/2037-azastan-respublikasyny-memlekettk-rmzder-knne-arnalan-s-sharalar-zhospary.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/zhosparlar/2037-azastan-respublikasyny-memlekettk-rmzder-knne-arnalan-s-sharalar-zhospary.html ]]> ]]> admin Thu, 29 May 2025 13:06:25 +0600