Мектепішілік лагерь - КГУ СОШ № 17 http://semey-17.edu.kz/ ru Мектепішілік лагерь - КГУ СОШ № 17 DataLife Engine «№17 ЖОББМ» КММ мектеп жанындағы жазғы «Балдырған» сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмыс есебі. http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/1002-17-zhobbm-kmm-mektep-zhanynday-zhazy-baldyran-sauytyru-lagern-zhrgzlgen-zhmys-eseb.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/1002-17-zhobbm-kmm-mektep-zhanynday-zhazy-baldyran-sauytyru-lagern-zhrgzlgen-zhmys-eseb.html ]]> Мектебіміздегі жазғы сауықтыру лагерінің негізгі мақсаты – ең алдымен жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, адамгершілік-еріктік қасиеттері мен ұжымшылдық сезімін тәрбиелеу, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру.    2024 жылдың 3 маусымынан 28 маусымы аралығында «Балдырған» жазғы лагерінде 6,5 пен 11 жас аралығындағы 80 бала демалды. Балалар 9.00-ден 12.30-ға дейін сауықтыру лагерінде болды. Әртүрлі бағытта 3 жасақ жасақталды.1 маусым орыс тілінде оқитын оқушыларға болса, 2 маусым қазақ тілінде өткізілді. Мұғалімдердің жауапты, шығармашылық көзқарасы 21 күн бойы балалардың жарқын және жан-жақты өмірін ұйымдастыруға көмектесті: Карунас Е.О, Бекенова А.Н, Миняева Л.А, Хасанова Е.С.,Благих Н.В, Шумакова А.Т, Джанбаева Ж.К, Скакова Г.С, Жакиянов Р.Г, Абжанова Ж.М, Алибаева А.С, Ахатова З.С, Токмойлова Е.Т, Байтуганова А.А, Сапакова Қ.А, Секетаева Т.М, Кожанова Т.А, Рахимжанова А.А, Бейсембаева А.Б, Кунафина Ж.С. Олардың арқасында лагерьдегі балалардың өмірі қызықты әрі ұмытылмастай өтті. Олар әр балаға өзінің шығармашылық, физикалық және ақыл-ой қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Күндізгі лагерьдің мақсаты мен міндеттері белгіленіп, ойдағыдай жүзеге асты.Балалардың бос уақытын ұйымдастыру кезінде жұмыстың келесі формалары пайдаланылды:

  • Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет.
  • Экскурсиялар.
  • Мәдениет мекемелеріне экскурсиялар.
  • Жарыстар мен конкурстық бағдарламалар.
  • Спорттық жарыстар мен ашық ойындар.
  • Мерекелер.
  • Кітаптар мен журналдарды оқу.
  • Бейнелерді көру.
  • Әңгімелер.
  • Лагерьдегі дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары келесі шараларды қамтыды:
  • таңертеңгілік жаттығулар;
  • дене шынықтыру және спорт;
  • жасақ серуендейді;
  • спорттық жарыстар мен мерекелер.

Балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында балалардың мүмкіндігінше таза ауада уақыт өткізіп, ашық ауада ойындар ойнауы міндетті шарт болды. Лагерь ауысымында келесі спорттық-сауықтыру шаралары өткізілді:

  • «Көңілді старт»
  • «Спортты сүю – мықты және салауатты өмір сүру» атты спорттық эстафета.
  • «Спорт денсаулық кепілі» атты спорттық ойын-байқауы

Лагерьде патриоттық, адамгершілік, эстетикалық және экологиялық тәрбиеге көп көңіл бөлінді. Экологиялық мереке мен сурет байқауы экологиялық тәрбиеге өз үлесін қосты.

   Жазғы лагерьде балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді: «Көбейту кестесі сияқты жол ережесін біл!» атты практикалық ойын өткізілді, ойын барысында балалар жол белгілері мен жеке жол ережелерінің мақсатын қайталады


Жазғы сауықтыру лагерінің балалары үшін мектеп асханасында толыққанды тамақтану ұйымдастырылды. Мұнда аспазшылар тынымсыз еңбек етті.Балалар дәмді тағам үшін аспазшыларға алғыстарын білдірді. Бұдан бұрын биологиялық орталығына барып, оқушылар түрлі жануарлармен және өсімдіктермен танысты. Экскурсиялармен түрлі ойындар өткізілді. 

Невзоровтар отбасы атындағы мұражай және өлкетану мұражайларында болдық, ол жерде оқушылар үшін экскурсиялармен квэст ойындар өткізілді. Көптеген тарихи эскпонаттармен танысып, кітаптүрлі оқиғалар тындап қайттық. 


Абай кітапханасындағы ағылшын тіліндегі лагерьде болдық, онда түрлі танымды ойындармен қуыршақ театрлары өткізілді. Кейін «Дастан» кинотеатрнда, мультфильм көруге бардық. Оқушылардын күні қызықты өтті.

Мектепте «Лагерь ханзадасымен ханшайымы» атты конкурс өткізілді. Онда қазақ халқынын ұлттық ойындары болды. Мысалғы: арқан тартыс, домбырада ойнау, бұрымды қыз және т.б. Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер ұлт мақтанышы» атты викторина өткізіліп және видеофильм көрсетілді, онда рәміздердің пайда болу тарихы жайлы айтылып, оқушыларға сұрақтарқойылды. Аяғында кішігірім сыйлықтар алып, балалар жақсы көніл күймен қайтты. 

Оқушылардын сауықтыру лагерінде өткізген уақыты оларға өте ұнады және, әрине, есте қалды. Олар оны өздерінің және денсаулықтарының пайдасына жұмсады. Қорытындылай келе, балалар лагерьде болған әрбір күні белсенділікке және көңілді көңіл-күйге, денсаулық пен жағымды эмоцияларға толы болғанын атап өтті. Маусым басында қойылған міндеттерді ұстаздар толық орындады деп толық айта аламыз.




Лагерь жетекшісі: Амерханова А.Д]]>
admin Thu, 20 Jun 2024 14:38:21 +0600
"Балдырған" жазғы лагерінің жұмыс жоспары 2023-2024 оқу жылы http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/1006-baldyran-zhazy-lagern-zhmys-zhospary-2023-2024-ou-zhyly.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/1006-baldyran-zhazy-lagern-zhmys-zhospary-2023-2024-ou-zhyly.html ]]> ]]> admin Sat, 01 Jun 2024 15:00:30 +0600 2024 жылдың жаз маусымында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтыру және бос уақытын ұйымдастыру іс-шаралар жоспары 2023-2024 оқу жылы http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/1005-2024-zhyldy-zhaz-mausymynda-balalar-men-zhassprmderd-zhazy-demalysy-sauytyru-zhne-bos-uaytyn-jymdastyru-s-sharalar-zhospary-2023-2024-ou-zhyly.html http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/1005-2024-zhyldy-zhaz-mausymynda-balalar-men-zhassprmderd-zhazy-demalysy-sauytyru-zhne-bos-uaytyn-jymdastyru-s-sharalar-zhospary-2023-2024-ou-zhyly.html ]]>





«№17 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Балдырған» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңы 

Бағдарлама мазмұны 

  1. Түсінік хат.
  2. Жазғы лагерді ұйымдастыру мақсаты мен міндеттері. 
  3. Бағдарламаны жүзеге асыру мазмұны мен формалары. 
  4. Бағдарламаны жүзеге асыру шарттары. 
  5. Бағдарламаның тиімділік критерийі. 
  6. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер. 
  7. Жүзеге асыру тәжірибесінің барлығы. 
  8. Болжалды жұмыс жоспары 

Түсінік хат

Балалардың бос уақытының үлкен орның алатын, демалыс, сондықтан демалыстар олар үшін денсаулықты нығайту, шығармашылығын дамыту, жеке қабілеттерін дамыту білім алушылық құндылықтарымен әлеуметтік мәдениетке кіріктіру, әлеуметттік қатынастарға кіру, өз жоспарларын жүзеге асыру жеке бас қызығушылықтарын қанағаттандыру, көңіл көтеру, іс тандауда бостандық болып табылады. БСА қызықты және тартымды ететін кешенді бағдарлама өз алдына бір-бірін толықтыратын бірнеше мақсат қояды: әр түрлі бағытталған сауықтыруды біріктіреді, сауықтыру лагері жағдайында демалу мен тәрбиелеуді ұйымдастырады.Өз ұзақтығы бойынша бағдарлама қысқа мерзімді болып келеді, 2 ауысым –20  күннің ішінде жүзеге асады.

Тәрбиелеушілер балаларды тәрбиелеуде келесі негізгі ойлар мен принциптерді басшылықққа алады: 

  • Барынша табиғи жағдайларды қолдана отырып балаларға қызықты да толық демалыс ұйымдастырады; 
  • Қамқорлық пен көңіл бөлу, сүйіспеншілік пен шыдамдылық, балаларды түсінуге деген талпыныс;
  • Қызығушылық принципі – оқушылар зерікпеу үшін және іспен айналысуы қажет;
  • Назар аудару – балалармен жұмыс істеу уақытында олардың тілектерін орындауға тырысу;
  • Өзімен өзі болу – өздігімен істей алатын істерді , өздері атқару.
  • Қамқорлық қатынаста қарау – баланы тындай білу, баладан үлкен адамды көру, балаға көмек беру және шынайылық білдіру; 

Топтағы балалардың қызығушылығы мен олардың әрі қарай тану қызметін жалғастыруға деген қызығушылығы ескеріледі. Балалар сауықтыру алаңының жұмысы негізінен тәлімгерлер мен тәрбиешілерден қалыптасады. Жазғы ауысымды өткізу қажеттігі келесі жайлардан туындап отыр:

  • Жазғы жағдайда оқу үрдісін жалғастыру;
  • Құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың алдын алу;
  • Балаларды жазғы уақытта іспен қамту мәселесі;
  • Оқушылардың денсаулығын бекіту.

 Бағдарлама балалардың қызығушылығы мен психлологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды. Бағдарламаны жүзеге асыру формасы: мектеп қарамағындағы балаларды сауықтыру мен демалдыру, шығармашылық алаңдар. 

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі:03.06.2024ж-28.06.2024ж 

Бағдарламаны жүзеге асыру орны: «№17 ЖОББМ» КММ 

Бағдарламаны жасау үшін негіз -Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңы; – 2002 жылдың 8 тамызынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңы – Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің «2016-2019 жылдары жазғы каникул кезінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және демалуын ұйымдастыру туралы» жарлығы; 

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері. 

Бағдарламаның мақсаты — педагогикалық ұжым, ата-аналар қоғамдастығы, оқушылар, мектептен тыс ұйымдардың өзара қарым- қатынасы. Оқушылардың жазғы демалысын өткізуі үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету. Әркім өз денсаулығына түсінушілікпен қарауы және оларды сақтау іс- әрекетіне тарту үшін дене сауықтыру жүйесін жасау. Баланың тұлғасын дамыту, дене, психикалық және эмоционалдық денсаулығын бекіту, Қазақстан Республикасы азаматының ең жақсы қасиеттеріне тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеттері: 

  • Әрбір баланы салауатты өмір салтын таңдауға саналы түрде таңдауға тарту;
  • балаларды сауықтыру және жеке бас гигиенасы дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау; 
  • оқушылардың бос уақытын қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту; 
  • оларды спорт жұмысына және мәдени- бұқаралық жұмыстарға тарту жолымен балаларды зияткерлік, денелік дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау; 
  • ұжымдылыққа тәрбиелеу, коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді дамыту.
  • ойындық сюжет арқылы баланың зияткерлік және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, қозғалыс белсенділігін кеңейту; 
  • практикалық іс- әрекет, қоршаған ортаны тану, бағдар таба алу үшін қажетті шығармашылық ойлау, азаматтық және адамгершілік сапаларын тәрбиелеу. 

Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер 

  1. 1.Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
  2. 2.Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту. 3.Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру. 
  3. Жазғы сауықтыру алаңының күндіз болу кезіндегі әлеуметтік- психологиялық ахуалын жақсарту; 
  4. Балалар арасындағы теріс әлеуметтік жайлардың өсу қарқынын төмендету;құқық бұзушылықты болдырмауы. 
  5. Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру. 

Бағдарламаның даму шарттары. 

Бағдарламаның жақсы дамуы үшін белгілі бір ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет. 

  1. Кадрлық қамтаммасыз етілуі. 
  2. Лагерь басшысы алаңның жұмысын жоспарлап, бақылайды. 
  3. Тәрбиешілер (2 адам) балалар топтарын басқарады. 
  4. Ән күй пәнінің мұғалімі. 
  5. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 

Материалдық – техникалық қамтаммасыз етілуі.

Жазғы сауықтыру алаңының жұмысы барысында акт залы, спорттық алаң, сонымен қатар:

  • Киім ілу бөлмесі; 
  • Екі әжетхана; 
  • Спорттық зал; 
  • Кітапхана; 

Спорттық жабдықтар:

  • баскетбол добы; 
  • Футбол добы; 
  • Скакалкілер; 
  • Гимнастикалық обручтер;
  • Матрастар;

Дамыту ойындары: 

  • Шашки;
  • Шахматтар; 
  • Құрылыс конструкторлары; 
  • Тоғыз құмалақ 

Бағдарламаның жүзеге асу кезеңдері. 

Дайындық кезеңі мыналарды қамтиды: 

  • кадрларды тандап алу; 
  • топтарды қалыптастыру, құжаттарды рәсімдеу; 
  • материалдық – техникалық қамтаммасыз етуді дайындау. 

Ұйымдастыру кезеңі мыналарды қамтиды:

  •  Тапсырмалар: (Ұйымдастыру кезеңінде балалар мен тәрбиешілер мыналарды жасау қажет):
  • Табиғи – климаттық жағдайларға үйренісу; 
  • Бір -бірімен танысу; 
  • Алаңдағы басқа да адамдармен танысу, алаңның өзімен ондағы жағдайлармен танысу. 
  • Жалпыға бірдей нормалар мен талаптарды қабылдау; 
  • Ұжымдық – шығармашылық істер; 
  • Музыкалық сағат; 
  • топтардың презентациясы; 
  • «Футболға баулу» – доппен ойнау. 

Негізгі кезең бағдарламаның негізгі ережелерін қамтиды.

 Балалар алаңда төмендегілерді жасауға жағдайлары бар: 

  • Танып, білу, демалу, еңбектену; 
  • Қоршаған әлемде және өзінде жаңалықтарды ашу; 
  • Шығармашылық және лидерлік өзін- өзі қалыптастыра алу; 
  • Іс- шараларды өткізуге көмек беру;
  • Өзінің денсаулығын нығайтады. 

Бағдарламаның негізгі ережелері бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырылады. 

Соңғы кезең. 

  1. Тапсырмалар: 
  2. Ауысымның бағдарламасының жүзеге асуы бойынша жалпы қорытынды жасау. 
  3. Жеке жетістіктердің нәтижесін саралау; 
  4. Қызметтен кейінгі жұмыстар. 
  5. Тапсырмаларды орындауға үлес қосатын іс- шаралар: 
  6. топтың қорытыңды жиналысы; 
  7. «Ауысымның жабылу мерекесі
]]>
admin Sat, 01 Jun 2024 14:40:40 +0600