16
январь
2025
5”Б” сыныбында жаратылыстану пәнінен ашық сабақ/Ермекқызы А.
2025 жылдың 16 қаңтарында 5”Б” сыныбында жаратылыстану пәнінен “Тау жыныстарының үгілуі” тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында оқушылар құлып және кілт(сәйкестендір), терминдермен жұмыс, жеке дифференциацияланған тапсырма және топтық “Тарсия” әдісімен тапсырмалар орындады. Сабақтың ең қызықты сәті тәжірибе жасау болды. Мұғалім оқушыларға “Тау жыныстарының үгілу” процесін іс жүзінде көрсетті.
Мұғалім: Ермеккызы Акбота
Мұғалім: Ермеккызы Акбота
