09
февраль
2024
Педагог-психологі Базарова Эльмира Назарқызы облыстық «Семей» телеарнасы «Елге сәлем» таңғы сазды ақпаратты бағдарламасында «Кибербуллинг және лудоманиямен қалай күресу керек» тақырыбында сұхбат берді
Облыстық білім басқармасы «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 ақпанында Семей қаласы «№17 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ педагог-психологі Базарова Эльмира Назарқызы облыстық «Семей» телеарнасы «Елге сәлем» таңғы сазды ақпаратты бағдарламасында «Кибербуллинг және лудоманиямен қалай күресу керек» тақырыбында сұхбат берді. Балаларды кибербуллингтен қалай қорғауға болады, көптің ішінен кибербуллингке ұшыраған баланы қалай анықтаймыз, оның мінез-құлқында қандай өзгерістер болуы мүмкін, кибербуллинг құрбаны болған балаға қандай көмек көрсетілетіндігін атап өтіп ұсыныстар берді. Психолог кибербуллинге бейім адамдар, ол адамдардың психологиясындағы кінараттар туралы, оқушылар арасында лудоманияның алдын алу үшін ата-аналарға кеңестер ұсынды.
