05
май
2025
Ата-аналар мен әріптестер назарына
«№17 ЖОББМ» КММ-нің әкімшілігі 2024–2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңдеріне қатысты мына жағдайларды ескертеді:
• Бітіруші 4, 9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинауға;• Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға;• Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге бағалы сыйлықтар беруге;• Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға;• Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруына;• Қорытынды аттестаттау емтихандары кезінде мектепте мерекелік дастархан жаюға қатаң түрде тыйым салынады.• Мектеп бітіруші түлектерге арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы мектептің ішкі тәртібі мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкес мектептің ауласында өтеді.• Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдеп пен академиялық адалдықты, әділдікті, сондай-ақ білім алушылардың қауіпсіздігі мен азаматтық құқықты сақтау мақсатында енгізіліп отыр.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ӘРІПТЕСТЕР!!!
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауларыңызды өтінеміз.
Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы МІНДЕТ!
Егер сізді қандай да бір сұрақ мазаласа, кез келген уақытта сұрағыңызды тыңдап, жауап беруге дайынбыз!
Құрметпен, мектеп директоры Жумаканова Райгуль Ешенгазиновна