29
август
2023
Абай облысы Білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы
2023-2024 оқу жылында Абай облысы Білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы аясында Абай облысы білім алушыларының инновациялық жобалар көрмесі ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарын марапаттау рәсімі өтті. Инновациялық көрме барысында № 17 жалпы орта білім беретін мектебіндегі инклюзияны қолдау кабинетінің жүргізіліп жатқан жұмыстарынан фотоальбом жасалып, педагог-психологтардың біліктілігін көтеру сертификаттары, ЕБҚЕ оқушылардың ерекше жетістіктері, мадақтамалары облыстағы білім мекемелеріне таныстыру үшін көрмеге қойылды. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі тиімді іс-тәжірибелер туралы да тарқатылып, отырыс барысында қарастырылды. Мектептегі "Инклюзияны қолдау кабинеті" ЕБҚЕ оқушылардың жалпы білім беретін сыныптағы негізгі оқу үдерісін үзбей, оқушылар қажеттіліктеріне сәйкес көмек алатын мектептегі қосымша кабинет ретінде танылады.
