Коучинг «Тәлімгерліктің маңызы»
2017 жылғы 21 қазан күні
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-де мектеп басқармасының
қолдауымен
Коучингті ұйымдастырушылар: Тарих мұғалімі Оразбаев Е.Н, бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Аглакова С.Т
«Тәлімгерліктің маңызы» атты коучингке 32 мұғалім қатысты.
Семинардың мақсаты - коучингке қатысушы мұғалімдерге III, II, I деңгей бағдарламасымен таныстырып, коучинг пен менторинг ұғымдары жайлы түсінік қалыптастыру.отандық орта білім беру жүйесін дамытудың сапалы жаңа әдіснама жағдайында тәжірибе алмасу – нәтижеге және келесі сұрақтарға пікір білдірудің бағдарын есепке ала отырып білім беру технологияларын, мазмұнын жаңарту:
- тәлімгер мен тәлімалушының арасындағы байланыс;
- мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму саласындағы өзгерістер;
-оқыту үдерісін жетілдіру мақсатында өзінің практикалық қызметін зерттеу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу және басымдылықтарды анықта
Коучинг психологиялық ахуалдан басталды. Одан әрі топқа бөлінді. Видео сюжеттер көрсетілді, тренингтер жүргізілді.
Коучинг барысында (қазақ және орыс тілдерінде), педагогикалық идеялар панорамасы, постерлер қорғалды, диалогтық алаңшалар жұмыс жасады.
«Коучинг және менторинг – біліктілікті арттыру негізі» педагогтар коучингтік тәсілді білім беру ортасына енгізудің жолдарын қарастырды. Ол оқыту үдерісін барынша жекешелендіруге және коучингті мұғалімнің әдістемелік және кәсіби құзыреттілігін дамытудың ықпалды механизмі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретінін педагогтар өз тәжірибелерінде дәлелдей білді.
«Зерттеу қызметі арқылы мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру» зерттеушілік қабілетті, педагогтардың кәсіби қалыптасуына кепілдік беретін мәселелерді шешуге ғылыми тұрғыдан қарау қабілетін жетілдіру мен дамытуды жалғастыруға шешім қабылданды.
«Мұғалім практикасындағы рефлексия» секциясының мұғалімдері педагогикалық рефлексияны дамыту бойынша – педагогтың кәсіби жетілуінде теориялық және практикалық материалды жетілдіру қажет деген пікірге келді.
Коучинг жұмысы қорытындыланып, бағалау парағы алынды.