Даналық мектебі » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

“Ұланымыз ұлы елдің”
14
январь
2025
“Ұланымыз ұлы елдің”
14 қаңтар күні мектебіміздің 1 “Ә” сынып оқушылары, Ф. М. Достоевский әдеби-мемориалдық музейінде өткен “Ұланымыз ұлы елдің” атты мерекелік іс-шараға қатысып, рухани мәдени белсенділіктерін арттырып, жақсы әсер алып қайтты. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Бейсембаева Асем Бакыткановна
Ерлік сабағы
18
декабрь
2024
Ерлік сабағы
18.12.2024 ж “# 17 ЖОББМ” КММ-нің оқушыларымен Бауыржан Момышұлының 114 ж толуына орай Семей қаласы қорғаныс істері басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығы лейтенант Иманбаева Назым Айтбаевна, тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің инспекторы Турганбаева Сауле Айдаргазиновна “Ерлік сабағын” өткізді. Ұйымдастырушы: АӘТД пәні мұғалімі Е. Оразбаев.
"Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" аталар мектебінің шеберлік сағаты даналық мектебі
19
сентябрь
2024
"Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" аталар мектебінің шеберлік сағаты
19 қыркүйек күні  мектебімізде педагогикалық қолдау орталығының "Даналық мектебінің" жұмыс жоспарына сәйкес "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" ұғымының қыр-сырына терең бойлай отырып,  ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында "Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" тақырыбында Alikhan Bokeikhan university Әскери бөлімінің мүшелерінің қатысуымен шеберлік сағаты өткізілді.      
«Даналық мектебі» клубының жұмысының жылдық есебі
27
май
2024
«Даналық мектебі» клубының жұмысының жылдық есебі
№17 жалпы орта білім беретін мектептің   «Даналық мектебі» клубының  жұмысының жылдық есебі 2023-2024 оқу жылы  2023-2024 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хатының негізінде ,адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты «КЕАҚ ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешіміне сәйкес» ,    халқымыздың сан ғасырлық мәдени жәдігерлері мен ұлттық құндылықтарын тәрбиенің негізгі өзегіне айналдыру мақсатында  №17 жалпы
«Әжелер мектебі»
20
март
2024
«Әжелер мектебі»
Мектебімізде «Даналық мектебі» клубы  аясында құрылған «Әжелер мектебі» жұмысы жолға қойылған. Әжелер тәрбие сағаттарына, танымдық сағаттарына шақырылып, жастарға ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, ақыл-кеңестерін айтады. Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай 20 наурыз күні «Даналық мектебі» клубының шығармашылық алаңы жұмыс жасады. Шаңырақ ішіне киіз үйдің керегесі қойылып, ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Керегеге қасқыр, түлкі терілері, төрге домбыра ілініп, сандық, кебеже,
«Даналық мектебі» клубы
20
март
2024
«Даналық мектебі» клубы
Мектебіміздің «Даналық мектебі» клубының Жеңгелер мектебінің мүшелері 20 наурыз күні жоспарларына сәйкес қыз балаларға арналған ұллтық салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында «Қазақтың дәстүрлері-ай» атты танымдық-шығармашылық сағатын ұйымдастырды.  Жеңгелер клубының мүшелері баланың дүниеге келуінен қырқынан шыққанға дейінгі дәстүрлерді қыз балаларға таныстырып, мағынасы мен тәрбиелік маңызын көріністер арқылы ән мен жырмен көркемдеп жеткізді.  Қыз балалардың шаш күтімін, киім үлгісін көрсете
«Жеті атасын білген ұл-жеті жұрттың қамын жер»
09
февраль
2024
«Жеті атасын білген ұл-жеті жұрттың қамын жер»
Мектебіміздегі «Даналық мектебі» жұмысы аясында «Аталар мектебінің» ұйымдастыруымен 01.02-09.02.2024 ж. аралығында мектепішілік «Жеті атасын білген ұл-жеті жұрттың қамын жер» «бейнероликтер  байқауы өтті. І орын иесі -  4 Б сынып оқушысы Арғын Абзал.  Абзалдың атасы немерелеріне жеті атасын таратып, шежіреден сыр шертіпті. Бұл тек бір күндік жұмыс емес екендігін отбасының  Шежіресінің төрде ілулі тұрғанынан-ақ көруге болады.Өте құнды да көркем дүниелеріңіз үшін көп рахмет! Жеті атасын білетін
Челлендж жалғасуда
29
январь
2024
Челлендж жалғасуда
1 А сыныбында оқитын егіз бүлдіршіндеріміз Дүйсенғазы Аружан мен Балжанның әжесі Түскенқызы Күлзия немерелеріне үнемі ертегі айтып отырады Әжесі сонымен қатар немерелеріне ұршық иірудің жолдарын, құрт, бауырсақ пісіруді үйретіп отырады.   #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей