«Даналық мектебі» клубының жұмысының жылдық есебі
№17 жалпы орта білім беретін мектептің
«Даналық мектебі» клубының жұмысының жылдық есебі
2023-2024 оқу жылы
2023-2024 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хатының негізінде ,адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты «КЕАҚ ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешіміне сәйкес» , халқымыздың сан ғасырлық мәдени жәдігерлері мен ұлттық құндылықтарын тәрбиенің негізгі өзегіне айналдыру мақсатында №17 жалпы орта білім беретін мектепте «Даналық мектебі» клубы ашылды. http://17-semey.mektebi.kz/trbie-zhmysy/danaly-mekteb/591-danaly-mekteb-klubyny-zhmys-zhospary.html
Клуб шеңберіндегі «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебінің» мақсаты- озық салт-дәстүрлерді талдап түсіндіру, дәріптеу, отбасы тәрбиесінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
Жоспарға сәйкес мектептердің алғашқы отырыстарында жоспары қаралып бекітілсе, әрі қарай жұмыстары жүйелі жүргізіліп отырды.
«Аталар мектебі» аясында оқушыларға ұлттық кәсіпті насихаттару, ер балалардың тәрбиесіне қатысты дөңгелек үстелдер өткізілді.
01.02.-09.02.2024 ж аралығында «Жеті атасын білген ұл-жеті жұрттың қамын жер» тақырыбына челлендж ұймдастырылды. Видеороликтер арқылы аталарының немерелеріне жеті атасын жаттатқаны туралы мазмұнды жұмыстар ұсынылды http://17-semey.mektebi.kz/trbie-zhmysy/danaly-mekteb/733-zhet-atasyn-blgen-l-zhet-zhrtty-amyn-zher.html
Сондай-ақ Наурыз мерекесіне орйай өткен көрмеде ат-тұрман әбзелдеріне көрме ұйымдастырып, балаларға таныстырды.
«Әжелер мектебі» жұмысы жүйелі жолға қойылған. Жыл басынан әжелер мектебінің мүшелері тәрбие сағаттарына шақырылып, қыз балалармен дөңгелек үстелдерге қатысып отырады. Қалалық «Аяулы әже» форумына қатысып, тәжірибе алмасты.
15-22.01.2024. аралығында мектептің 1-5-сыныптары арасында «Әжемнің ертегісі» челленджі өткізілді, бұл мектептен тыс өзге әжелерді де ұлттық құндылықтарды н,емерелеріне насихаттау үшін жүргізілген мазмұнды жұмыс болды. http://17-semey.mektebi.kz/trbie-zhmysy/danaly-mekteb/700-zhemn-gmes-chellendzh.html
https://www.instagram.com/p/C3PKDGktWTc/?hl=ru&img_index=1
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай мектебіміздің ІІ қабатында «Даналық мектебінің» шығармашылық алаңы бір апта бойы жұмыс жасады. Әдемі шаңырақ астында қазақтың ұлттық
Киіз үйдің тұрмыстық заттары қойылып, сыныптар кезектесіп экскурсияға келді. Әбдіре, кебеже, келі-келсап, сандық, бесік, түлкі, қасқыр терілері қойылып, олардың қолданыстағы маңызы туралы кеңінен түсіндірілді.
Ал 20 наурыз күні әжелер Ұлыстың ұлы күні жасалатын ырым, дәстүрлерді көрсетті. Аластау рәсімін, ұлттық тағамдардың дайындалу жолдарын түсіндіріп, халық әндерін орындады.https://www.instagram.com/p/C4vGm-aNNa4/?hl=ru
«Сырғалым» жеңгелер мектебі» жоспарға сәйкес қыздармен 2 ақпан күні 9-11-сынып қыздарымен «Қыз ғұмырының құпиялары» атты тағлымдық сағат өткізді. Жеңгелеріміз қыздың болмысын биіктетін, тұлғалық ерекшеліктерін айқындайтын тәрбие мен ұлттық құндылықтар туралы ақпараттарымен бөлісіп,пікір алмасты.https://www.instagram.com/p/C23odWYijXV/?hl=ru
Сондай-ақ, Ұлыстың ұлы күніне арналған «Даналық мектебі» шығармашылық көрмесі аясында жеңгелеріміз қыз балаларға арналған ұллтық салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында «Қазақтың дәстүрлері-ай» атты танымдық-шығармашылық сағатын ұйымдастырды. Толық слабовидящихн ютуб арнамыздан көре аласыздар. https://www.youtube.com/watch?v=kmGtAkdlpGM&t=5s