Даналық мектеп клубының жоспары
2023-2024 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хатының негізінде ,адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты «КЕАҚ ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешіміне сәйкес» , халқымыздың сан ғасырлық мәдени жәдігерлері мен ұлттық құндылықтарын тәрбиенің негізгі өзегіне айналдыру мақсатында №17 жалпы орта білім беретін мектепте «Даналық мектебі» клубы ашылды. Клуб шеңберіндегі «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебінің» мақсаты- озық салт-дәстүрлерді талдап түсіндіру, дәріптеу, отбасы тәрбиесінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
«Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.
Клубтың міндеттері:
- аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту;
- ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу;
- өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.
«Даналық мектебі» клубының қызметінен күтілетін нәтиже: позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға буынның тәжірибесін табысты пайдалану.
2023-2024 оқу жылында «отдела образования города Семей» управления образования области Абайнің «Даналық мектебі» клубының жұмысын жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып, жоспарлары бекітілді.
№ | Мектеп | Жетекшісі |
1 | Аталар мектебі | Калыбаев А. Д. Алжанов Қ.А. |
2 | Ағалар мектебі | Байтабанов Д. Д. Болатова А.Б. |
3 | Жеңгелер мектебі | Байтуганова А.А. Қожанова Т.А. |
4 | Әжелер мектебі | Сапақова Қ. Рахимжанова А.А. |
«Даналық мектебі» клубының жылдық жоспары
№ | Мазмұны | Өткізілу түрі | Мерзімі | Жауапты | Аяқталу нысаны |
1 | Мектепте келесі бағыттармен «Даналық мектебі» клубын құру - «Аталар мектебі» -«Әжелер мектебі» - «Аға мектебі» - «Жеңге мектебі» | Жалпы жиналыс | Қыркүйек | Директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі, Сынып жетекшілері, педагог-психолог, әлеуметтік педагог | Бұйрық |
«Әжелер мектебі» | |||||
1 | «Әжелер мектебінің» жоспарын құру (отырыс) | Әжелер қауымдастығын құру | Қазан | Мектеп жетекшісі Сапақова Қ. Жұмыс тобы | Бұйрық |
2 | «Әжем үйреткен...» (қолөнер байқауы) | Шеберлік сынып | Қараша | Мектеп жетекшісі Сапақова Қ. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
3 | «Әжемнің ертегісі» (ертегі айту дәстүрі туралы) | Сұхбат, ашық әңгіме | Желтоқсан | Мектеп жетекшісі Рахимжанова А.А.Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
4 | «Ырым-тыйым-әдептілік негізі» (қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ырымдапры туралы дәріс) | Дәріс, практикалық тәжірибе | Наурыз | Мектеп жетекшісі Рахимжанова А.А. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
5 | «Қазіргі әжелерге көзқарасыңыз қандай? Нағыз әже қандай болу керек?» Пікірталас алаңы | Пікірталас | Наурыз | Мектеп жетекшісі Сапақова Қ. Рахимжанова А.А. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
«Аталар мектебі» | |||||
5 | «Бабалар дәстүрі- ұрпаққа өсиет» (мектептің ашылуы). | Аталар қауымдастығын құру | Қазан | Мектеп жетекшісі Калыбаев А. Д. Жұмыс тобы | Бұйрық |
6 | «Жеті атасын білген ұл-жеті жұрттың қамын жер» | Шежіреші қарттармен кездесу, сұхбат | қазан | Мектеп жетекшісі Калыбаев А. Д. | |
7 | «Дәстүр ұстану» (ер бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер) | Әңгіме, дөңгелек үстел | Қараша | Мектеп жетекшісі Алжанов Қ.А. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
8 | «Қазіргі заман қариясы қандай болу керек?» | пікірталас | Қаңтар | Мектеп жетекшісі Алжанов Қ.А. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
«Ата кәсіп – берекенің бастауы» (атасы мен немесресінің жетістігі) | Жетістіктер көрмесі | Сәуір | Мектеп жетекшісі Алжанов Қ.А. Калыбаев А. Д. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау | |
«Аға мектебі» | |||||
9 | «Ағасы бардың -жағасы бар» (отырыс мақсатын түсіндіру, жоспарын құру) | Ағалар қауымдастығын құру | Қазан | Мектеп жетекшісі Байтабанов Д. Д. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
10 | «Ағалар салған сара жол» (мектептің жоғарғы сынып ұлдарымен жұмыс) | Төменгі сынып ұлдарына тәлімгерлік жасау жұмысы | Қараша | Мектеп жетекшісі Байтабанов Д. Д. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
11 | «Жақсылық жасап жарысайық». (Еріктілер жұмысы, қалалық Жастар бірлестігінің мүшелерімен кездесу) | кездесу | ақпан | Мектеп жетекшісі Байтабанов Д. Д. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
12 | «Азаматтың Отандық парызы» (Әскери гарнизонға саяхат) | экскурсия | Сәуір | Мектеп жетекшісі Байтабанов Д. Д. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
13 | «Туған жерге тағзым» (мектеп ауласына ағаш егу т.б.) | челлендж | мамыр | Мектеп жетекшісі Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
«Жеңге мектебі» | |||||
12 | «Қыз-қылығымен көркем» | Жеңгелер қауымдастығын құру | Қазан | Мектеп жетекшісі Қожанова Т.А. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
13 | «Қыздар білуге тиіс...» (тұрмыстық қажеттіліктер, тамақ пісіру, киім тігу) | Дәріс | желтоқсан | Мектеп жетекшісі Байтуганова А.А. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |
«Қыз ғұмырдың құпиялары» (қыз өмірінің құпия сырлары, жасөспірім қыздардың психологиясы туралы ашық әңгіме) | семинар | ақпан | Мектеп дәрігері, психолог, клуб жетекшісі | Анықтама БАҚ жариялау | |
14 | «8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні» | Отбасылық хобби көрмесі | наурыз | Мектеп жетекшісі Байтуганова А.А. Қожанова Т.А. Жұмыс тобы | Анықтама БАҚ жариялау |