09
февраль
2024
«Жеті атасын білген ұл-жеті жұрттың қамын жер»
Мектебіміздегі «Даналық мектебі» жұмысы аясында «Аталар мектебінің» ұйымдастыруымен 01.02-09.02.2024 ж. аралығында мектепішілік «Жеті атасын білген ұл-жеті жұрттың қамын жер» «бейнероликтер байқауы өтті.
І орын иесі - 4 Б сынып оқушысы Арғын Абзал.
Абзалдың атасы немерелеріне жеті атасын таратып, шежіреден сыр шертіпті. Бұл тек бір күндік жұмыс емес екендігін отбасының Шежіресінің төрде ілулі тұрғанынан-ақ көруге болады.Өте құнды да көркем дүниелеріңіз үшін көп рахмет! Жеті атасын білетін жетелі ұлдарымыз көп болсын! #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#АПҚО_Абай_облысы_Семей

ІІ орын иесі -2 «ә» сынып оқушысы Ахметов Темірлан. Темірланның атасы Дюсембаев Канағат немерелеріне жеті атасының шежіресін ғана емес, қамшы өру өнерінің қыр-сырын да үнемі айтып, үйретіп отырады. Немересіне ұлттық құндылықтарымызды сіңіріп жүрген осындай аталарымыз көп болсын! 
ІІІ орын иесі- 3 Б сынып оқушысы Азылбек Алтаир. Атасы Аманбек немересіне жеті атасының шежіресін үйретіп, бала тәрбиесіне үлкен мән береді. Немерелерінің әр жетістігі-атасы үшін зор қуаныш.