“Байтақ дала жерім менің, Арта берсін даңқың сенің!”
25-қазан Республика күніне орай 5 “А” сыныбында “Байтақ дала жерім менің, Арта берсін даңқың сенің!” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Сынып жетекшісі: Нұрғалиева А.А. #МеніңотанымҚазақстан