Тілдер мерекесінің ашылуы » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

04
сентябрь
2023

Тілдер мерекесінің ашылуы

Тілдер мерекесіне орай мектепішілік  «Тілдер шеруі» үш тілде  «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» , «Язык-душа народа», «Tohave another languageis to possess a secondsoul» тақырыптарында онкүндік  басталды. Соған орай мектебімізде тілдер мерекесінің ашылуын лездемемен аштық.
Мақсаты:
      Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.Үш тұғырлы тіл саясатын насихаттау.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой- өрісін дамыту. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
     Міндеті:
Қазақ тілін,орыс тілін,ағылшын тілін меңгеруге талпыну;    
Қазақ елін мекендейтін халықтардың салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын білу;   
Тілдерді оқып үйренуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Тіл тазалығын сақтап, мәдениетті сөйлеу арқылы оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру және жүзеге асыру.