Мектеп асханасында пайдалануға тыйым салынған тағамдар » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » Мектеп асханасында пайдалануға тыйым салынған тағамдар
01
сентябрь
2023

Мектеп асханасында пайдалануға тыйым салынған тағамдар

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

2018 жыл 16 тамыз №611 БҰЙРЫҚ

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы

7- тарау, 119  тармақша

Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында  мына тағамдарды пайдалануға жол берілмейді:


119. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды:

      1) қатық, сүзбе, айранды;

      туралған ет қосылған құймақтарды;

      флотша макаронды;

      зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;

      кремі бар кондитерлік өнімдерді;

      тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);

      морстар, квастарды;

      фритюрде қуырылған өнімдерді;

      шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;

      күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;

      окрошканы;

      саңырауқұлақтарды;

      өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;

      тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;

      газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);

      фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;

      ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;

      2) мыналарды:

      пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;

      суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;

      ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;

      тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;

      механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;

      құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;

      сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;

      генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;

      йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.