Бракеражды комиссияның мониторинг жүргізу жұмысы 16.10.2023ж » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Бракеражды комиссияның мониторинг жүргізу жұмысы 16.10.2023ж
16
октябрь
2023

Бракеражды комиссияның мониторинг жүргізу жұмысы 16.10.2023ж

Мектеп асханасының санитарлық талаптарының, залалсыздандыру жұмыстарының толық тиісті дәрежеде жүргізілуіне және асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын  сақтауы да уақытылы қадағаланып тұрады. Асханада 7 адам жұмыс жасайды. Медициналық бақылаудан өткен, санитарлық кітапшалары реттелген, арнайы киімдермен қамтамасыз етілген. Тексеру кезінде шикі тағам сақтайтын бөлмелердің тазалықтары, азық-түліктердің сақталу мерзімінің дұрыстығы, сүт, май, ет тағамдарының тоңазытқышта сақталу жайы да тексерілді.
Оқушылар асханаға қойылған кесте бойынша асханаға келеді.
Оқушылардың қол жууына, қол кептіруіне жағдай жасалынған.
Мектеп асханасының  кестесіне сай кезекшілік атқарылады. Мектеп әкімшілігі кезекшілік  белгіленген уақытта кесте бойынша  кезекшілік  атқарылады. 
Мектеп медбикесі  таңертеңгі піскен тамақтың сынамасын алып, тексеріп отырады және арнайы бракераж журналына  жазады.
Бракераждық комиссиямен тексеру кезінде мектеп асханасында тыйым салынған өнімдер(Чипсы, газдалған сусындар, шоколадтар) мектеп асханасында қазірге таңға дейін  анықталған жоқ.
• Тамақ мәзірі бойынша барлық талаптар сақталған.
• Аспазшылардың медициналық тексерістен өткен кітапшалары бар.
• Тамақтанатын ыдыстар таза, ыдыс жуатын орындар талапқа сай орнатылған.
• Тамақтың дайындалуына жауапты адамдардың арнайы білімдері бар.
• Тамақтарды сақтау бойынша арнайы тоңазытқыштар мен жеке қойма орындардың бар екені анықталды.
• Алынған тағамдардың барлығының сақталу мерзімі көрсетілген.