Патриоттық тәрбие жұмысының жылдық есебі » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » Патриоттық тәрбие жұмысының жылдық есебі
27
май
2024

Патриоттық тәрбие жұмысының жылдық есебі

№17 жалпы орта білім беретін мектептің  

Патриоттық тәрбие жұмысының жылдық есебі

2023-2024 оқу жылы 


      «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты бағыттарының бірі –Ұлттық құндылықтарды игерту: ұлттық мүдде, ар-ұят, талап.Жас ұрпақты отаншылыдыққа, патриоттыққа, ел мен жерді құрметтеуге, ана тіліне құрмет сезімдерін дамыту мақсатында жыл бойы тәрбие сағаттары, ерлік сағаттары, дөңгелек үстелдер сияқты түрлі іс-шаралар өткізіліп отырды.

1 қазақ қарттар күніне орай 2 Ә сыныбында «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында https://www.instagram.com/p/Cxz0YvZNsDQ/?hl=ru, 1 А сыныбында «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында https://www.instagram.com/p/Cx4pJKItzHQ/?hl=ru&img_index=1  тәрбие сағаты өтті, ал  8 А сынып оқушылары қарттарды құттықтап қайтты https://www.instagram.com/p/Cxx12SnNLsw/?hl=ru&img_index=1

       20.10.2023 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаhарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы қарсанында жоғарғы сыныптарға "Ерлік сабағы " өткізілді."Ерлік сабағының " құрметті қонақтары болып Абай облысы Қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар мәселесіне жетекшілік ететін)- басқарма бастығы подполковник Шарипханов Канат Габдыгалямович. Абай облысы Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің ардагерлермен жұмыс істеу қызметі инспекторы Джакупова Жанар Ариновна қатысты. Мақсаты: Жасөспірімдерге әскери патриоттық тәрбие беру. https://www.instagram.com/p/CynN6VPNH6D/?hl=ru&img_index=1

"Бір тұтас тәрбие бағдарламасы" аясында 9 "а" "Жас Сарбаз " мамандандырылған сыныбында "Ұлттық құндылықтарды дәріптеу" тақырыбында дөнгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Жас өспірімдер бойына жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Е.Н.Оразбаев https://www.instagram.com/p/CzTIRi_NFxL/?hl=ru&img_index=1

 09.11.2023. мектебімізде Ұлттық Ұлан 5511 әскери бөлімінің қолбасшылығымен ,"Жас Сарбаз " мамандырылған сыныптарына, "Әскери байланыс құралдары " тақырыбына " арналған бірлескен сабақ өтті.https://www.instagram.com/p/CzZjhYatH0M/?hl=ru

05.02.2024 ж  мәжіліс залында әскери-патриоттық айлық аясында “Ерлік сабағы” өтті.
Мақсаты: жас өскіндерге әскери-патриоттық тәрбие беру, әскер қатарына дайындау, Отаның қорғау.
Ерлік сабағының құрметті қонақтары Семей шекара басқармасы бастығының орынбасары Суранбаев Е К. Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың қоғамдық бірлестігінің ардагерлері Торгаев А. М. Катпинов М. Жунусов М.М . Айбакиров А. Аубакиров Е.Жауапты АӘТД пәні мұғалімі Оразбаев Есенгалий Наймагазинович.
https://www.instagram.com/p/C29sgaGtXeR/?hl=ru&img_index=1

06.09.2023 күні Затон ПБ ЖПҚБ полиция инспекторы лейтенант Ә.Ә.Тұрлыбаев мектеп оқушыларымен «Абайлаңыз, балалар тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Сондай-ақ, оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды. 

https://www.instagram.com/p/Cw1lsETtF0z/?hl=ru&img_index=1

 6.03.2024. Кеңес одағының батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған, қыздар арасында нысанаға оқ ату әскери спорттық жарысы өтті.https://www.instagram.com/p/C4NW8DZN3qX/?hl=ru