Адал азамат» – тәрбие бастауы
✨ «Алматы облысының білім басқармасы» ММ және «Облыстық әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын сабақ үрдісіне енгізудің тиімді жолдары» тақырыбындағы өңірлік онлайн семинар жоғары деңгейде өтті!
📝 Семинар барысында заманауи тәрбиеге қатысты көптеген тың ақпараттар мен әдістемелік құнды мәліметтер алдық. Ұйымдастырушылардың кәсібилігіне тәнті болдық.
Бәсекеге қабілетті, шығармашылық әлеуеті жоғары, «Адал азамат» тәрбиелеу жолындағы игі істеріңізге сарқылмас күш-жігер тілеймін! ✊
Ерекше атап өтер жайт, №17 мектеп ұжымы да белсенділік танытты: 🔹 Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамеджанова Э.Х. 🔹 Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нуртаева А.А. Өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, құнды ойлар ортаға салды.

