Наурыз аруы-2024 » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

13
март
2024

Наурыз аруы-2024

«Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» деп дана халқымыз қашанда қызды төріне шығарып, ерекше құрметтеген. 13 наурызда, Ұлыстың ұлы күніне орай, №17 мектепте «Наурыз аруы» байқауы өтті. Мектебіміздің таңдаулы ару қыздары өнер мен білім,  сән мен сымбат сынына ерекше дайындықпен келді. Он саусағынан өнері тамған «Шебер қыз» Балым,  «Өнерлі қыз» Диана,  «Инабатты ару» Асыл,  «Сымбатты ару» Балым    сахна сәнін келтірсе,  сұлу да өнерлі аруымыз Нұрдана ерекше ілтипатқа ие болып, «Көрермен көзайымына» айналды. «Наурыз аруы-2024» байқауының Бас жүлдегері атағын 10 А сынып оқушысы Сағындық Іңкәр жеңіп алды. Қатысқан барлық аруларымызға, сынып жетекшілеріне, ата-аналарына зор алғыс білдіреміз.