«Отбасы - бақыт бесігі!» » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

30
октябрь
2023

«Отбасы - бақыт бесігі!»

      2023 жылдың 30 қазанында позитивті ата-ана мәдениетін дамыту мақсатында №17 жалпы білім беретін орта мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы бағдарламасының аясында 1-4-сынып ата-аналары арасында  «Отбасы - бақыт бесігі!» тақырыбында педагогикалық дәріс сабағы өтті.
 Дәріс барысында балалардың әл-ауқатын арттыруда ата-ананың баланың әл-ауқатына жауапкершілігі, отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас туралы дәріс оқылып, ата-аналармен ашық сұхбаттасу түрінде өтті. 
Мектеп психологы Э.Н.Базарова «кіші мектеп жасындағы балалардың физикалық ерекшеліктері» туралы кеңестер, ұсыныстар беріп, ата-аналарды толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.