Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық лездеме өтті » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық лездеме өтті
05
май
2025

Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық лездеме өтті

2025 жылғы 5  мамыр күні 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты таңғы лездеме ұйымдастырылды. Іс-шара «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!» тақырыбында өткізіліп, оқушылардың патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.

Лездеме барысында Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихы мен маңызы туралы ақпарат беріліп, оқушылар Отан қорғаушыларға арналған өлең жолдарын оқыды. Ерлік үлгісі ретінде аты аңызға айналған батырлар – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қайрат Рысқұлбеков сынды тұлғалар жайлы естеліктер айтылды.

Сынып жетекшілері мен ұстаздар Отан алдындағы азаматтық борыш, бейбіт өмірдің бағасы туралы қысқаша ой бөлісіп, ел қорғаны болу – әр жас ұрпақтың парызы екенін атап өтті.