1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара
01
июнь
2025

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара

2025 жылғы 1 маусым күні Семей қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кең көлемді мерекелік іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – бала құқықтарын қорғау, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қолдау көрсету және көңілді мереке сыйлау болды.

Іс-шараға мектебміздің оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін, шығармашылық жұмыстарын, ғылыми-танымдық жобаларын ұсынды. Сонымен қатар, «Жеңгелер мектебі» де ерекше үлес қосып, ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында тәрбиелік мәні зор бағдарламалар ұйымдастырды.

Мерекелік бағдарлама аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған көрме ұйымдастырылды, онда оқушылардың қолөнер бұйымдары, суреттері, шығармашылық жобалары мен ғылыми жұмыстарынан тұратын түрлі экспозициялар қойылды. Көрме көпшілік назарына ұсынылып, қонақтардың жоғары бағасына ие болды.

Шараның басты ерекшелігі – балалардың өз таланттарын еркін танытуына мүмкіндік берілуі. Қатысушылар ән салып, би билеп, театрландырылған қойылымдар көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-кдомсыйлады.

Бұл күн балалар үшін тек мереке ғана емес, оларға деген қамқорлық пен мейірімнің жарқын көрінісіне айналды.