2 «Б» сыныбы оқушыларымен профилактикалық әңгіме өтті
5 желтоқсан күні 2 «Б» сыныбымен «Кибербуллинг: әркім білуі керек» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, кибербуллингтің түрлері, оның психологиялық салдары және одан қорғану жолдары түсіндірілді.
Педагог-психолог онлайн мәдениетті сақтау, жеке деректерді құпия ұстау және желідегі этика нормаларын ұстану қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар, зиянды контентке тап болған жағдайда қайда және қалай жүгіну керектігі жөнінде нақты ақпарат берілді.
Сынып жетекші оқушыларға өзара сыйластық, жауапкершілік және қауіпсіз интернет ортасын қалыптастырудың маңызын атап өтті. Сабақ соңында оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасып, ақпараттық жадынамалар алды.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Кунафина Ж.С.

