Психологиялық қызмет » Страница 7 » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

«Күшіміз бірлікте» атты тимбилдинг
06
декабрь
2024
«Күшіміз бірлікте» атты тимбилдинг
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы аясында 8 «Б» сыныбы оқушыларымен «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» мамандарымен бірлесе «Күшіміз бірлікте» атты тимбилдинг өтті. Мақсаты: Жағымды атмосфера құру. Оқушылар арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру. Өзара сенім және біртұтас команда моделін қалыптастыру. Оқушылар бар ынтасымен қатысты, жақсы әсер алды. Педагог -психолог Базарова Э. Н. #16днейбезнасилие #РМЦПП
«Мен өмірді таңдаймын» тренингі
03
декабрь
2024
«Мен өмірді таңдаймын» тренингі
3 желтоқсан күні 8 «Ә» сыныбы оқушыларымен «Мен өмірді таңдаймын» тренингі өтті. Мақсаты: өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Тренинг барысында қатысушылар тиімді психологиялық жаттығулар мен ойындарға қатысып, өзара түсінушілік атмосферасын тудыра білді. Педагог-психолог Базарова Э.Н. #16днейбезнасилие #РМЦПП #зорлық-зомбылықсыз16күн #ӨПҚӘО 
«Сәтті қадам» тренингі
27
ноябрь
2024
«Сәтті қадам» тренингі
27 қараша күні 5 «Б» сынып оқушыларымен «Сәтті қадам» тренингі өтті. Тренингтің мақсаты: қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату. Тренингтен кейін оқушылардың эмоциялық күйлері жақсарды. Бір-біріне деген ауызбіршілік, достық сезімдері артты. Педагог-психолог Базарова Э.Н. #зорлық-зомбылықсыз16күн #ӨПҚӘО
«Балалар қауіпсіздігі» тақырыбында өткен сурет салу конкурсы
25
ноябрь
2024
«Балалар қауіпсіздігі» тақырыбында өткен сурет салу конкурсы
25 қараша күні Бірыңғай облыстық психологиялық қызмет апталығының жоспары аясында «Балалар қауіпсіздігі» тақырыбында өткен сурет салу конкурсының жеңімпаздары марапатталды, басқа қатысушыларға белсенділігі үшін грамота табысталды.  #психикалық_қызмет_апталығы_ӨПҚӘО #неделя_психической_службы_РМЦПП