Жазғы шаттықтың мекені — «Балдырған» лагері! » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

28
май
2025

Жазғы шаттықтың мекені — «Балдырған» лагері!

2025 жылғы 28 мамыр күні мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы демалыс лагерінде ерекше белсенді әрі көңілді күн өтті. Балалар асыға күткен эстафеталық жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың шапшаңдығы мен ұйымшылдығын сынға салды. Командалар өзара бақ сынасып, бір-бірін қолдап, шынайы достық пен ынтымақтастық үлгісін көрсетті.
Эстафетадан кейін лагерь өмірі түрлі қимылды ойындармен, логикалық тапсырмалармен, сондай-ақ шығармашылық және спорттық жарыстармен жалғасты. Балалар сурет салып, билеп, ән айтып, өз өнерлерін ортаға салды.
Шара соңында белсенділік танытқан оқушылар мадақтамалармен марапатталып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Балалар үшін бұл күн көңілді әсерге толы, ұмытылмас сәттермен есте қалды.
«Балдырған» лагерінде әр күн – жаңа мүмкіндік, жаңа достық, жаңа қуаныш!