01
декабрь
2025
Халықаралық жеңіс: Бақытбек Аруна "ALTYN ABAI" байқауында 1-орынды иеленді
2025 жыл – Мектебіміздің дарынды оқушысы, 6 Б сынып оқушысы Бақытбек Аруна "ALTYN ABAI: Күз энергиясы" (Энергия осени) атты Халықаралық көпжанрлы байқауында үздік өнер көрсетіп, жүлделі 1-орынды жеңіп алды.
Өнер мен шығармашылықты насихаттайтын бұл халықаралық додада Аруна өзінің талантымен қазылар алқасын тәнті етіп, жоғары дайындығын дәлелдеді. Көптеген қатысушылар арасынан суырылып шығып, жеңіс тұғырынан көрінуі – оқушымыздың қажырлы еңбегі мен ұстаздарының (жетекшілерінің) дұрыс бағыт-бағдарының нәтижесі.
Мектеп әкімшілігі Бақытбек Арунаны халықаралық аренадағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтайды! Біз сенің талабыңа нұр жауып, болашақта бұдан да биік белестерді бағындыра беруіңе тілектеспіз!

