2024 жылдың жаз маусымында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтыру және бос уақытын ұйымдастыру іс-шаралар жоспары 2023-2024 оқу жылы » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » 2024 жылдың жаз маусымында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтыру және бос уақытын ұйымдастыру іс-шаралар жоспары 2023-2024 оқу жылы
01
июнь
2024

2024 жылдың жаз маусымында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтыру және бос уақытын ұйымдастыру іс-шаралар жоспары 2023-2024 оқу жылы






«№17 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Балдырған» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңы 

Бағдарлама мазмұны 

  1. Түсінік хат.
  2. Жазғы лагерді ұйымдастыру мақсаты мен міндеттері. 
  3. Бағдарламаны жүзеге асыру мазмұны мен формалары. 
  4. Бағдарламаны жүзеге асыру шарттары. 
  5. Бағдарламаның тиімділік критерийі. 
  6. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер. 
  7. Жүзеге асыру тәжірибесінің барлығы. 
  8. Болжалды жұмыс жоспары 

Түсінік хат

Балалардың бос уақытының үлкен орның алатын, демалыс, сондықтан демалыстар олар үшін денсаулықты нығайту, шығармашылығын дамыту, жеке қабілеттерін дамыту білім алушылық құндылықтарымен әлеуметтік мәдениетке кіріктіру, әлеуметттік қатынастарға кіру, өз жоспарларын жүзеге асыру жеке бас қызығушылықтарын қанағаттандыру, көңіл көтеру, іс тандауда бостандық болып табылады. БСА қызықты және тартымды ететін кешенді бағдарлама өз алдына бір-бірін толықтыратын бірнеше мақсат қояды: әр түрлі бағытталған сауықтыруды біріктіреді, сауықтыру лагері жағдайында демалу мен тәрбиелеуді ұйымдастырады.Өз ұзақтығы бойынша бағдарлама қысқа мерзімді болып келеді, 2 ауысым –20  күннің ішінде жүзеге асады.

Тәрбиелеушілер балаларды тәрбиелеуде келесі негізгі ойлар мен принциптерді басшылықққа алады: 

  • Барынша табиғи жағдайларды қолдана отырып балаларға қызықты да толық демалыс ұйымдастырады; 
  • Қамқорлық пен көңіл бөлу, сүйіспеншілік пен шыдамдылық, балаларды түсінуге деген талпыныс;
  • Қызығушылық принципі – оқушылар зерікпеу үшін және іспен айналысуы қажет;
  • Назар аудару – балалармен жұмыс істеу уақытында олардың тілектерін орындауға тырысу;
  • Өзімен өзі болу – өздігімен істей алатын істерді , өздері атқару.
  • Қамқорлық қатынаста қарау – баланы тындай білу, баладан үлкен адамды көру, балаға көмек беру және шынайылық білдіру; 

Топтағы балалардың қызығушылығы мен олардың әрі қарай тану қызметін жалғастыруға деген қызығушылығы ескеріледі. Балалар сауықтыру алаңының жұмысы негізінен тәлімгерлер мен тәрбиешілерден қалыптасады. Жазғы ауысымды өткізу қажеттігі келесі жайлардан туындап отыр:

  • Жазғы жағдайда оқу үрдісін жалғастыру;
  • Құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың алдын алу;
  • Балаларды жазғы уақытта іспен қамту мәселесі;
  • Оқушылардың денсаулығын бекіту.

 Бағдарлама балалардың қызығушылығы мен психлологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды. Бағдарламаны жүзеге асыру формасы: мектеп қарамағындағы балаларды сауықтыру мен демалдыру, шығармашылық алаңдар. 

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі:03.06.2024ж-28.06.2024ж 

Бағдарламаны жүзеге асыру орны: «№17 ЖОББМ» КММ 

Бағдарламаны жасау үшін негіз -Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңы; – 2002 жылдың 8 тамызынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңы – Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің «2016-2019 жылдары жазғы каникул кезінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және демалуын ұйымдастыру туралы» жарлығы; 

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері. 

Бағдарламаның мақсаты — педагогикалық ұжым, ата-аналар қоғамдастығы, оқушылар, мектептен тыс ұйымдардың өзара қарым- қатынасы. Оқушылардың жазғы демалысын өткізуі үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету. Әркім өз денсаулығына түсінушілікпен қарауы және оларды сақтау іс- әрекетіне тарту үшін дене сауықтыру жүйесін жасау. Баланың тұлғасын дамыту, дене, психикалық және эмоционалдық денсаулығын бекіту, Қазақстан Республикасы азаматының ең жақсы қасиеттеріне тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеттері: 

  • Әрбір баланы салауатты өмір салтын таңдауға саналы түрде таңдауға тарту;
  • балаларды сауықтыру және жеке бас гигиенасы дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау; 
  • оқушылардың бос уақытын қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту; 
  • оларды спорт жұмысына және мәдени- бұқаралық жұмыстарға тарту жолымен балаларды зияткерлік, денелік дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау; 
  • ұжымдылыққа тәрбиелеу, коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді дамыту.
  • ойындық сюжет арқылы баланың зияткерлік және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, қозғалыс белсенділігін кеңейту; 
  • практикалық іс- әрекет, қоршаған ортаны тану, бағдар таба алу үшін қажетті шығармашылық ойлау, азаматтық және адамгершілік сапаларын тәрбиелеу. 

Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер 

  1. 1.Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
  2. 2.Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту. 3.Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру. 
  3. Жазғы сауықтыру алаңының күндіз болу кезіндегі әлеуметтік- психологиялық ахуалын жақсарту; 
  4. Балалар арасындағы теріс әлеуметтік жайлардың өсу қарқынын төмендету;құқық бұзушылықты болдырмауы. 
  5. Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру. 

Бағдарламаның даму шарттары. 

Бағдарламаның жақсы дамуы үшін белгілі бір ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет. 

  1. Кадрлық қамтаммасыз етілуі. 
  2. Лагерь басшысы алаңның жұмысын жоспарлап, бақылайды. 
  3. Тәрбиешілер (2 адам) балалар топтарын басқарады. 
  4. Ән күй пәнінің мұғалімі. 
  5. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 

Материалдық – техникалық қамтаммасыз етілуі.

Жазғы сауықтыру алаңының жұмысы барысында акт залы, спорттық алаң, сонымен қатар:

  • Киім ілу бөлмесі; 
  • Екі әжетхана; 
  • Спорттық зал; 
  • Кітапхана; 

Спорттық жабдықтар:

  • баскетбол добы; 
  • Футбол добы; 
  • Скакалкілер; 
  • Гимнастикалық обручтер;
  • Матрастар;

Дамыту ойындары: 

  • Шашки;
  • Шахматтар; 
  • Құрылыс конструкторлары; 
  • Тоғыз құмалақ 

Бағдарламаның жүзеге асу кезеңдері. 

Дайындық кезеңі мыналарды қамтиды: 

  • кадрларды тандап алу; 
  • топтарды қалыптастыру, құжаттарды рәсімдеу; 
  • материалдық – техникалық қамтаммасыз етуді дайындау. 

Ұйымдастыру кезеңі мыналарды қамтиды:

  •  Тапсырмалар: (Ұйымдастыру кезеңінде балалар мен тәрбиешілер мыналарды жасау қажет):
  • Табиғи – климаттық жағдайларға үйренісу; 
  • Бір -бірімен танысу; 
  • Алаңдағы басқа да адамдармен танысу, алаңның өзімен ондағы жағдайлармен танысу. 
  • Жалпыға бірдей нормалар мен талаптарды қабылдау; 
  • Ұжымдық – шығармашылық істер; 
  • Музыкалық сағат; 
  • топтардың презентациясы; 
  • «Футболға баулу» – доппен ойнау. 

Негізгі кезең бағдарламаның негізгі ережелерін қамтиды.

 Балалар алаңда төмендегілерді жасауға жағдайлары бар: 

  • Танып, білу, демалу, еңбектену; 
  • Қоршаған әлемде және өзінде жаңалықтарды ашу; 
  • Шығармашылық және лидерлік өзін- өзі қалыптастыра алу; 
  • Іс- шараларды өткізуге көмек беру;
  • Өзінің денсаулығын нығайтады. 

Бағдарламаның негізгі ережелері бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырылады. 

Соңғы кезең. 

  1. Тапсырмалар: 
  2. Ауысымның бағдарламасының жүзеге асуы бойынша жалпы қорытынды жасау. 
  3. Жеке жетістіктердің нәтижесін саралау; 
  4. Қызметтен кейінгі жұмыстар. 
  5. Тапсырмаларды орындауға үлес қосатын іс- шаралар: 
  6. топтың қорытыңды жиналысы; 
  7. «Ауысымның жабылу мерекесі