12
сентябрь
2024
Мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында жоспарланған іс-шаралар қарқынды түрде жалғасуда.
Мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында жоспарланған іс-шаралар қарқынды түрде жалғасуда. Әр сынып белсене атсалысып, қызықты сабақтар мен танымдық шараларға қатысып келеді. Солардың бірі ретінде 11 "Б" сыныбында өткен Ерболат Әбікеннің "Пәтер іздеп жүр едік" тақырыбындағы ашық сабағын ерекше атап өтуге болады.
Сабақтың басты мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын баспана мәселесін көтеріп, оқушыларға терең ой салу. Сабақ барысында оқушылар жас отбасылардың баспана іздеп, көптеген қиындықтарға тап болу жайындағы бейнероликті көрді. Бұл видео олардың жүректеріне әсер етіп, сабақтың мазмұнын тереңірек түсінуге көмектесті.
Оқушылар тақырыпқа зор қызығушылықпен қарап, өз ойларын ашық айтып, белсенді түрде пікірталасқа түсті. Көтерілген мәселеге әркім өз көзқарасымен қарап, шешім жолдарын ұсынды. Сабақта олар тек қана әлеуметтік мәселені талқылап қана қоймай, өздерінің азаматтық позициясын көрсетіп, қоғамдағы әр адамның рөлі туралы ой қозғады.
Бұл сабақ оқушылардың бойында әлеуметтік жауапкершілікті, елге деген жанашырлық сезімін оятты. Әрі ашық пікір алмасу арқылы олардың ой-өрісі мен дүниетанымы кеңейе түсті.