«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асыру жұмысының жылдық есебі
№17 жалпы орта білім беретін мектептің
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асыру жұмысының жылдық есебі
2023-2024 оқу жылы
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Жақсылық жаса!» ұранымен 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында өтті. «Самұрық-Қазына» АҚ мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сыныптың аз қамтылған, көпбалалалы отбасының балаларына мектеп сөмкелерін табыстады. https://www.instagram.com/p/CwmhncXNahV/
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» жоспарына сәйкес «Қыркүйек айы - Білім айы» 1 қыркүйек, білім күніне арналған сынып сағаттары мен Алғашқы қоңырау» мерекелік іс-шарамен басталды.
«Мектебім-мейірім мекені» тақырыбына өткен сынып сағаттарында талап, ар-ұят, ұлттық мүдде құндылықтары насихатталып, мектептің білім ордасы ретіндегі маңызы түсіндіріліп, мейірімділік, оқу-білімге құштарлық, қамқорлық сияқты қасиеттер насихатталды. https://www.instagram.com/p/CwrvIlINfus/
https://www.instagram.com/p/CwsKC-ftKUX/
Оқу жылының алғашқы аптасындағы сынып сағаттары ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туған күніне арналды. Ғалым-ұстаздың ұлттық педагогикаға сіңірген еңбегі, шығармалары туралы ттағлымы мол сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, 2-9-сынып оқушылары арасында «Ана тілім-ардағым» атты мәнерлеп оқу сайысы https://www.instagram.com/p/CxI2Ly8t4aN/ , 7-9-сынып аралығында «Тілге құрмет-елге құрмет» атты зияткерлік сайысы өтті https://www.instagram.com/p/CxLkffutvRQ/.
8 қыркүйек сағат 12:00 де 1-11 сыныптар арасында Республикалық «Дене сергіту» челленджі өтті. Мектебіміздің оқушыларымыз жоғары белсенділікпен қатысты. http://17-semey.mektebi.kz/trbie-zhmysy/9-aj-9-s-shara/381-respublikaly-dene-sergtu-chellendzh.html
23.10.2023ж. мектебімізде “Республика күні” қарсаңында білім алушылардың арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында “Әнұран айту” челленджі ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/Cyu45RttfKn/?utm_source=ig_web_copy_link
17 қарашада «Асық ату», «Бес асық» ойындарын ойнау челленджі өтті.
Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін,эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау,ұлттық ойындарды насихаттау.
Міндеттері:
- қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау;
- қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу;
- оқушыларды асық ойынына баулу.http://17-semey.mektebi.kz/trbie-zhmysy/577-2023-zhyldy-17-arashasynda-abaj-oblysy-blm-basarmasy-semej-alasy-bojynsha-blm-blmn-17-zhalpy-orta-blm-beretn-mekteb-kmm-de-asy-atu-bes-asy-ojyndaryn-ojnau-chellendzh-tt.html
Өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы «9 айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында 13 желтоқсанда «Шығарма жазу: болашаққа хат» челленджі өтті. Шығармаларға «Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктерім», «Менің болашағым» , «Менің елімнің болашағына қосар үлесім», «Еліммен бірге болашаққа апарар жол» сияқты тақырыптар ұсынылды.
Челлендждің мақсаты: оқушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойған жоспарлары мен болашағы туралы шығарма жазу дағдыларын дамыту.
Челленджге мектептің барлық сыныптарының оқушылары белсене қатысты. http://17-semey.mektebi.kz/trbie-zhmysy/9-aj-9-s-shara/718-shyarma-zhazu-bolashaa-hat-chellendzh.html
2024 жылдың 26 қаңтарында "Қазақ есебі" республикалық челленджі аясында мектебімізде А.Жұмаділдаевтің есептері шығарылды. Челленджің мақсаты- креативті және сыни ойлауын дамыту, математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту.
http://17-semey.mektebi.kz/trbie-zhmysy/9-aj-9-s-shara/720-aza-eseb-respublikaly-chellendzh.html
Қаңтар айының жоспарына сәйкес 7 қаңтардан бастап білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарасын кеңейту,білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасты кеңейту үшін жоспарлы түрде кітап оқуды дамыту,кітап оқу мәдениетін, дағдысын қалыптастыру, 8 минуттық кітап оқу дағдысын күнделікті оқу процесіне енгізу мақсатында мектебізде «8 минуттық кітап оқу» жобасы жүзеге асырылуда.
http://17-semey.mektebi.kz/o-detskom-sade/mektep-ktaphanasy/721-8-minutty-ou-zhobasy.html
15 наурыз күні «Домбырашылар» челленджі өткізілді. Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Жолжігіт Мейрамбектің жетекшілігімен күйшілер тобы «Адай» күйін бір мезетте орындады.