Ата-аналарды педагогикалық қолдау оралығының жұмысының жылдық есебі » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » Ата-аналарды педагогикалық қолдау оралығының жұмысының жылдық есебі
27
май
2024

Ата-аналарды педагогикалық қолдау оралығының жұмысының жылдық есебі

№17 жалпы орта білім беретін мектептің  

Ата-аналарды педагогикалық қолдау оралығының   жұмысының жылдық есебі

2023-2024 оқу жылы


     Отбасы бала тәрбиесінің басты факторы ретінде өскелең ұрпаққа толыққанды өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Әр бала бақыт, махаббат пен түсіністік атмосферасында өсуі керек. 

   Қазіргі қоғамда жиі ұшырасатын кездейсоқ оқиғаларға жол бермеу үшін   ата-аналарға жүйелі психологиялық-педагогикалық білім беруді қажет етеді. Жаңа оқу жылынан бастап әрбір жалпы орта білім беру ұйымының базасында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) жұмыс істейтін болды. Орталық ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреді.


Орталықтың қызметі позитивті ата-ана мәдениетін арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған.

Позитивті ата-ана – достық қарым-қатынасқа негізделген ата-ана стилі, бала мен ересек адамның қолдауы, өзара ынтымақтастығы. Мұндай тәсілдің нәтижесі – орталықтың мақсаттары мен міндеттерінде көрініс табатын біздің қоғамның басты байлығы ретінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету.

                    Осы мақсатпен № 17 мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы өз жұмысын бастады. https://www.instagram.com/p/Cz-44SCNEWI/?hl=ru&img_index=2

«Педагогикалық қолдау орталығының» мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Орталық жетекшілері өткізілетін сабақтардың тақырыбын, өткізілу формасын бірлесе отырып анықтап, ортақ жоспар жасалды.  

    Орталықтың тақырыптарымен таныстыру мақсатында кездесулер, әр түрлі жастағы оқушылардың ата-аналарына арналған сауалнамалар жүргізіліп, педагогикалық қолдауды қажет ететін ата-аналар анықталды. Орталықтың мақсаты, міндеттері туралы хабарландырулар әлеуметтік желі арқылы ата-аналарға таныстырылды.

           1-4-сынып ата аналарының жетекшісі болып А.А. Рахимжанова, Л. А.Миняева, 5-9- сынып жетекшілері Н.Қ.Жалдыбаева,  А.А. Мухина, 10-11-сыныптардың жетекшісі Р. Х.Баймуратова, А. К.Манабова тағайындалды.

  Сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері де орталықтың жұмысын жүргізуге, жоспар бойынша сабақтарды өткізуге жауапты болады.

Педагогикалық қолдау орталығының жетекшілерімен түсіндіру жұмыстары өткізілді, «Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың» басты мақсаты мен міндеттері, ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша сабақтар өткізу туралы нұсқаулықпен таныстырылып, сабақтарды өткізудің әдістемелік тәсілдері, бағдарламадағы сабақтардың мазмұны, формалары талқыланды. Сондай-ақ жетекшілерге жұмыс тобына басқа да сынып жетекшілерін тарту, «Даналық мектебінің» жұмысын үйлесімді пайдалану туралы нұсқаулықтар берілді.

    Ата-аналарды қолдау мектебінің жетекшілерінің бірлескен материалдар банкісі жасақталып, әртүрлі тақырыптардағы ата-аналарға арналған бала тәрбиесі, баланы мектепке бейімдеу, қызықтыру туралы видеоматериалдар, кеңес-нұсқаулар, жаднамалар жинақталды. https://drive.google.com/drive/folders/1pbkCoMUF0HrUNzuV46u74JPodToVSyF3?usp=sharing

Жоспарға сәйкес ай сайын түрлі тақырыптарға ата-аналар жиналысы өткізіліп отырды. 2024 жылдың 19 қаңтарында   «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасының жосапына сәйкес 9-11-сынып ата-аналары арасында «Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы» атты сабақ өтті.

      Ата-аналарды қолдау менктебінің жетекшілері Баймуратова Р. Х. мен Манабова А. К. тәуелділік түрлері, жоғары сынып оқушыларындағы тәуелділіктің белгілері, тәуелділіктің алдын алудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі туралы дәріс оқып, түсініктеме жұмысын жүргізді.

«Шындықтан қашу» тақырыбындағы  бейнероликтен тәуелділіктің түрлері, олардың белгілері, тәуелділіктің қалыптасуының кезеңдері туралы кең мағлұматтар беріліп, пікір алмасу өтті.

      Ата-аналардың өздерін ойландыратын сұрақтарына мектеп психологтары Масанова И.Б. мен Базарова Э.Н. жауап беріп, «Тәуелділік» сауалнамасын алды. Сауалнама нәтижесін үйге барғанда баласымен талқылап, нәтижесіне талдау жасау ұсынылды.https://www.instagram.com/p/C2hJfOHtj3R/?hl=ru

     2024 жылдың 18 қаңтарында 6-7-сынып ата-аналарымен мектеп психологтары Масанова И.Б. мен Базарова Э.Н. «Бәрі отбасынан басталады» тақырыбында ретрит өткізді. Жасөспірім шақтың ерекшеліктері, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-аналарға мағлұматтар беріліп, тренинг-жаттығулар өткізілді. https://www.instagram.com/p/C2ZCeVcN5h_/?hl=ru

     2023 жылдың 11 желтоқсанында №17 жалпы білім беретін орта мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасының аясында 5-8-сынып оқушылары арасында «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер» тақырыбында дәріс сабағы өтті. Сабақ барысында ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін арттыру, баламен сындарлы келіссөздер жүргізу, жанжалдарды дұрыс шешу, реніштерді кешіру дағдылары туралы түсініктер берілді.https://www.instagram.com/p/C2SxAGWNEU7/?hl=ru&img_index=1