22
январь
2025
Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Ойынға салауатты көзқарас» қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Ойынға салауатты көзқарас» лудоманияның алдын алу шарасы бойынша қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға лудоманияның не екенін, оның психологиялық, әлеуметтік және физикалық әсерлерін түсіндіру. Ойынға салауатты көзқарас қалыптастыру. Ойынға тәуелділіктің алдын алу жолдарын көрсету. Әлеуметтік дағдыларды дамыту. Оқушыларға ойынға байланысты дұрыс таңдау жасау, уақытты тиімді бөлу және өзара қарым-қатынасты жақсарту жолдарын үйрету.
