03
май
2025
«Ұлы рухқа тағзым» – Жидебайға тағылымды сапар

2025 жылғы 3 мамыр күні мектебіміздің 5–6 сынып оқушылары біртұтас тәрбие жоспары аясында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының мәңгілік мекені – Жидебай қорығына танымдық саяхат жасап қайтты. Іс-шара «Атамекенге тағзым – ұрпақ парызы» тақырыбымен өтті.
Экскурсия барысында оқушылар Абайдың музей-үйін аралап, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректермен танысты. Абайдың өзі пайдаланған заттарын, қолжазбаларын көру арқылы ұлы тұлғаның рухын сезініп, терең әсер алды.
Балалар ерекше ықыласпен Абайдың туған өлкесінің табиғатымен танысып, Құнанбай әулетінің зираты мен Шәкәрім мавзолейіне барып, ұлттық рух пен тарихи сана туралы мол мағлұмат алды. Сондай-ақ, арнайы ұйымдастырылған әдеби диктант, өлең оқу эстафетасы және «Абай әлеміне саяхат» атты викториналық ойындарға белсене қатысты.
Бұл сапар оқушылардың патриоттық сезімін оятып, ұлттық құндылыққа құрметін арттырып, тарихи-мәдени сана-сезімін тереңдетуге зор ықпал етті.