20
март
2024
«Әжелер мектебі»
Мектебімізде «Даналық мектебі» клубы аясында құрылған «Әжелер мектебі» жұмысы жолға қойылған. Әжелер тәрбие сағаттарына, танымдық сағаттарына шақырылып, жастарға ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, ақыл-кеңестерін айтады.
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай 20 наурыз күні «Даналық мектебі» клубының шығармашылық алаңы жұмыс жасады. Шаңырақ ішіне киіз үйдің керегесі қойылып, ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Керегеге қасқыр, түлкі терілері, төрге домбыра ілініп, сандық, кебеже, бесіктер қойылды. Төр алдына ұлттық оюлармен көркемделген көрпелер төселіп, дастархан жайылды. Балаларға таныстыру үшін қазақтың ұлттық тағамдары қойылып, наурыз көже ұсынылды.
Әжелер Аластау» рәсімін жасап, халық әндерін орындады. Балаларға наурыз тілек айтып, баталарын берді.