30
январь
2023
ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары
ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары
Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.
Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.
Күн тәртібі:
- * күнді үш бөлікке бөл;
- * Тестке күніне 8-сағат дайындық;
- * Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;
- * 8-сағаттан кем ұйықтама;
- * 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.
Тамақтану:
Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.
Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?» - дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.
1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.
2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.
3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.
4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.
5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар
6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.
7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.
8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.
9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық - еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.
10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.
11. Таңертеңгілік 8 - 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі - кешкі 19. 00.
12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.