«Жасөспірімдердің ата - аналарына психологиялық көмек» » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Жасөспірімдердің ата - аналарына психологиялық көмек»
16
январь
2025

«Жасөспірімдердің ата - аналарына психологиялық көмек»

16 қаңтар күні «Жасөспірімдердің ата - аналарына психологиялық көмек» тақырыбында 8 «Б»  сынып оқушыларының ата-аналарымен танымдық сағаты өткізілді. 
Мақсаты: Отбасы-адам үшін ең бірінші, ең жақын орта екенін, отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтау, жамандықтан аулақ болуға үйрету ата-ананың басты міндеті екендігін түсіндіру. Ата-аналар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, бала тәрбиесіндегі олқылықтарды бірлесе отырып шешуге ұмтылдыру. 
Бала бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиетін қалыптастыру арқылы жақсы нәтижеге жете алатындығы баса айтылды. 
Әр баланың бір нәрсеге деген қызығушылығы бойында жасырын жататындығын айта отырып, төмендегідей кеңестер берілді.
1.    Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.2.    Баланы мектептен мектепке ауыстырғанда, балаға қолайсыздық туғызбайтын жағын қарастыру. 3.    Ата –ана өз ісімен үлгі болу, ертіп жүріп пайдалы еңбекке, өнерге баулу.4.    Қызығушылығын спортқа, музыка тәрізді өнерге үйренуге бұру.5.    Ашу–ызаңыздың бәрін баладан алмаңыз, қаталдық пен қатыгездіқтің аражігін дұрыс түсіне де, айыра білгеніңіз абзал.6.    Жиі өз балаңызбен сырласып, жүрегінің үнін тыңдау.Танымдық сағатқа қатысқан ата-аналар бала –адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, оны қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру – ата –ананың борышы деген пікірге келді. Ұлттық құндылықтарды бала бойына күнделікті сіңіріп отыру, салт-дәстүрлерге деген құрметті тәрбиелеу- саналы ұрпақты тәрбиелеу кепілі екендігі туралы өз пікірлерін білдірді. 
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Советова М.С.