29
февраль
2024
“Психологпен әңгіме” айдарын
Облыстық білім басқармасы «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 наурыз айында Семей қаласы «№17 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ педагог-психологі Базарова Эльмира Назарқызы облыстық «Семей» телеарнасы «Елге сәлем» таңғы сазды ақпаратты бағдарламасының “Психологпен әңгіме” айдарына қатысып ой бөлісті. Отбасындағы құндылықтың түрлерін, сипаттарын атап өтті. Бүгінгі қоғамда отбасыларда ажырасу, толық емес отбасының көбеюі, тұрмыстық зорлық-зомбылық сынды келеңсіз оқиғалардың орын алу себептері және ата ананың үлгі өнегесі туралы, үйдегі ахуал бала психологиясына қаншалықты әсер ететіні жайында сөз қозғады. Көптеген ерлі-зайыптылардың өз эмоцияларын бақылауда ұстауы, қателіктерге жол алдырмауы жайлы айтып көрерменге ұсыныстар берді.
