19
декабрь
2025
“Тарихтан тағылым- адал азаматқа жол” атты тарихшылар онкүндігі аясында Қазақстан тарихы пәнінен 5 “ә” сынып оқушыларымен «Сақтар» тақырыбында топтық ойын түріндегі сайыс сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар:
сақ тайпаларының тұрмысы мен мәдениетін, “Алтын адам» құпиясын, “Томирис пен сақ жауынгерлерінің ерлігін терең таныды. Сабақта: “Сиқырлы қоржын» , “Асық ату», “Садақ ату» ,карта және бейнематериалдар, жасанды интеллект элементтері қолданылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін еркін көрсете білді.
Ұлттық ойындар мен тарихи деректер сабақтың мазмұнын одан әрі байытты.
📚 Тарихты тану – ұлтты тану!
Осындай мазмұнды сабақтар арқылы оқушылардың тарихи санасы қалыптасады.
Тарих пәні мұғалімі: Оразбаев Есенғали Найманғазыұлы.

