23
январь
2026
9 «Ә» сыныбында дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өтті
22.01.2026 ж. «Өнерің болса қолыңда, жарқырап тұрар жолың да!» атты «Эстетикалық бағыт пен дене тәрбиесі онкүндігі» жоспары аясында 9 «Ә» сыныбында «Кедергілерден өтуге арналған арнайы спецификалық жаттығуларды жетілдіру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, түрлендірілген эстетикалық ойындар арқылы оқушыларды жан-жақты дамыту.
Ашық сабақты дене шынықтыру пәні мұғалімі Жақанов Нұртөлеу Қыдырбекұлы өткізді.

