«Зерде» байқауындағы жүлделі III орын » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » «Зерде» байқауындағы жүлделі III орын
30
январь
2026

«Зерде» байқауындағы жүлделі III орын

6 «А» сынып оқушысы Шаяхметова Жасмин

2–7 сынып оқушыларына арналған

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсында

🥉 III орын иеленді!


Жасмин байқауда «ЭкоСмарт» атты экологиялық жобасын қорғады.

Аталған жоба қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық сананы арттыруға және табиғатты қорғауға бағытталған. 🌍♻️


Жобаның басты мақсаты – оқушыларды тұрмыстық қалдықтарды дұрыс бөлуге үйрету, экологиялық жауапкершілікті дамыту және «Таза Қазақстан» идеяларын насихаттау.


👏 Жобаның ғылыми жетекшісі – Ермекқызы Ақбота.

Жетекшінің кәсіби қолдауы мен шәкірттің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде осындай жоғары жетістікке қол жеткізілді.


Жас зерттеушімізге алдағы уақытта да жаңа идеялар, биік белестер мен үлкен жеңістер тілейміз! ✨

Абай облысының намысын қорғап, білім мен ғылымға деген қызығушылығын дәлелдеген Жасминмен мақтанамыз! 💚