




2026 жылдың 16 ақпан күні мектепте бастауыш сынып оқушыларына және ұстаздарына арналған «SMART бала – бастауыштан басталады» атты бастауыш апталығының салтанатты ашылуы ерекше форматта өтті. Ашылу рәсімі «Білімге бастар әуе сапары» тақырыбында ұйымдастырылып, қатысушылар символикалық түрде білім еліне ұшақпен саяхат жасады. "Білім", "Ойын", "Өнер" аялдамаларына тоқтап, өз білімдерін сынады, дұрыс жауап берген оқушыларға тәттілер ұсынылды.Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ SMART ұрпақ тәрбиелеу. Апталық барысында түрлі байқаулар, зияткерлік ойындар, ертегі сайыстары, шығармашылық кездесулер және TEDx форматындағы таныстырылымдар өткізіледі.
Бұл апталық – әрбір оқушы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, білім көгіне қанат қағатын ерекше сапар болмақ.
https://www.instagram.com/p/DU3LPSQjAoI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==