24
февраль
2026
3 «А» сыныбында «Бала Абай» тақырыбында тағылымы мол ашық сабақ өтті
3 «А» сыныбында Әдебиеттік оқу пәнінен «Қазақтың бас ақыны – «Бала Абай» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы терең ашық сабақ өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – өлең, мысал, аңыз, сөз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау, оқушылардың әдеби танымын кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Сабақ басында мұғалім Абжанова Жаңыл Манатбековна ұстаздарға ерекше психологиялық ахуал сыйлап, жағымды атмосфера қалыптастырды. Ынтымақтастық пен өзара құрметке негізделген ортада оқушылар белсенділік танытып, сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысты.
Сабақ барысында оқушылар топтық, жеке және тақтамен жұмыстар орындап, сөзжұмбақ шешіп, дәптермен түрлі тапсырмалар орындады. Әр тапсырма «Бала Абай» мәтінінің мазмұнын терең түсінуге бағытталды.
Оқушылар «Бала Абай» мәтіні бойынша көрініс қойып, кейіпкерлер бейнесін шебер сомдады. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезов туралы диалог ұйымдастырылып, жазушының қазақ әдебиетіндегі орны кеңінен талқыланды. Бұл жұмыс оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытып, тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырды.
https://www.instagram.com/reel/DVKx-EOjPjK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==