Мектепішілік ғылыми жобалар конкурсы ұйымдастырылып, өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту. Аталған іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, өз ғылыми жобаларын жоғары деңгейде қорғады. Қатысушылар ұсынған жұмыстар мазмұндылығымен және жаңашылдығымен ерекшеленді. Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды.