№17 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бейбіт елдің батырлары» атты салтанатты жиын өтеді
Күні: 6 мамыр
Уақыты: 12:20
Өтетін орны: №17 ЖОББМ акт залы
6 мамыр күні сағат 12:20-да №17 жалпы орта білім беретін мектебінің акт залында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» арналған «Бейбіт елдің батырлары» атты салтанатты мерекелік жиын өтеді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын күзеткен батырларымызға құрмет көрсету және әскери-патриоттық тәрбие беру.
Салтанатты жиын барысында мектеп оқушылары мен ұжымы дайындаған мерекелік бағдарлама ұсынылады. Шара аясында Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін патриоттық әндер шырқалып, күйлер орындалады және арнайы сахналық қойылымдар көрсетіледі.
Мерекелік жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар және құрметті қонақтар шақырылады. Ел ертеңі – жас ұрпақтың айбынын асырып, рухын асқақтататын бұл кеш Отан қорғаушылар мерекесіне лайықты тарту болмақ.
№17 ЖОББМ әкімшілігі

