№17 мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің салтанатты ашылуы өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » №17 мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің салтанатты ашылуы өтті
01
сентябрь
2026

№17 мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің салтанатты ашылуы өтті

" №17 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де инклюзивті білім беруді қолдау, емдік және бейімдік дене шынықтыру кабинеттерінің салтанатты ашылуы өтті.​Бұл кабинеттер «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен «Қамқор Инклюзив» қоғамдық қоры жүзеге асырып отырған жоба аясында құрылды. Жоба 2026 жылғы 3 мамырда өткен Charity Samruk Marathon қайырымдылық марафоны барысында жиналған қаражат пен қор бюджетінің есебінен жүзеге асырылды.​Жобаның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы, заманауи және жан-жақты қолдау көрсететін инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру. Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің құрамына:
​психолог кабинеті;
​дефектолог кабинеті;
​логопед кабинеті кіреді.
​Сонымен қатар, балалардың денсаулығын нығайтуға, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытуға және бейімдік мүмкіндіктерін арттыруға арналған емдік және бейімдік дене шынықтыру кабинеті де арнайы жабдықталған.
​Жобаның жүзеге асырылуы – балаларға сапалы білім алып, жан-жақты дамуына және қажетті мамандардан кәсіби қолдау алуына үлкен мүмкіндік береді.
​https://www.instagram.com/reel/DcyYqbIMHgr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=NTc4MTIwNjQ2YQ==​​​