07
октябрь
2026
«Мектепке гүл сыйла» акциясы жалғасуда!
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні әдістемелік бірлестігі «Жасыл мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Мектепке гүл сыйла» акциясына қатысып, эстафетаны “Эстетикалық цикл және дене шынықтыру” пәні әдістемелік бірлестігінен қабылдады. 🪴🌸
Акцияның мақсаты – мектебімізді әсем гүлдермен көркейтіп, білім ордасына ерекше сән мен жылулық сыйлау.
Білім алушыларды табиғатты сүюге, өсімдіктерді күтіп-баптауға, қоршаған ортаны аялауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға баулиды. Әрбір отырғызылған гүл – табиғатқа деген қамқорлықтың, әсемдікке деген сүйіспеншіліктің және ортақ іске қосылған үлестің белгісі. 💚🌿
Игі бастаманы жалғастыра отырып, «Мектепке гүл сыйла» челленджін Орыс тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігіне жолдаймыз! 🌷