“Кітап арқылы тарихқа саяхат» жобасы бастау алды
Мектебімізде Қ. Шаяхметова мен Қ. Нығыманбекованың жетекшілігімен «Кітап арқылы тарихқа саяхат» жобасы бастау алды.
Жобаның мақсаты:
Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыра отырып, тарихи санасын дамыту және тарихи шығармалар арқылы өткенді терең түсінуге баулу.
Жобаның міндеттері:
– оқушыларды тарихи тақырыптағы кітаптарды жүйелі оқуға үйрету;
– тарихи мәтінді түсініп оқу, талдау және өз пікірін білдіру дағдыларын дамыту;
– тарихқа деген қызығушылықты арттыру;
– сыни ойлау мен өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Жобаның мазмұны:
Жоба аясында оқушылар белгіленген уақыт ішінде (15–20 минут) тарихи мазмұндағы көркем немесе танымдық кітаптарды оқиды. Әр оқу кезеңінен кейін оқылған үзінді бойынша өз пікірін жазады, оқуға кедергі болған жағдайларды және оқылған бет санын талдайды.
Күтілетін нәтиже:
– оқушылардың кітап оқу мәдениеті қалыптасады;
– білімге деген құштарлығы артады;
– өз ойын жазбаша түрде нақты жеткізе алады;
– қазақ әдебиеті мен тарих пәндеріне қызығушылығы артады.

