Бірінші сыныпқа қабылдау 2026-2027 оқу жылы » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Бірінші сыныпқа қабылдау 2026-2027 оқу жылы
06
август
2026

Бірінші сыныпқа қабылдау 2026-2027 оқу жылы

Құрметті  болашақ  1- сынып оқушыларының ата-аналары!


Мектеп әкімшілігі 2026–2027 оқу жылына  

1-сыныпқа құжат қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

1-сыныпқа қабылдау 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне 

сәйкес жүзеге асырылады. (Әділет)




















1-сыныпқа кімдер қабылданады?

  • 6 жасқа толған балалар;
  • 2026 жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балалар ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші негізінде қабылданады.

Балаларды қабылдау олардың дайындық деңгейіне қарамастан жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерге қабылдау кезінде емтихан, тестілеу, әңгімелесу немесе кез келген іріктеу түрлерін өткізуге жол берілмейді.

Әрбір баланың тегін бастауыш білім алуға құқығы бар.



Құжат қабылдау мерзімі

2026 жылғы 27 мамырдан 31 тамызға дейін жүргізіледі.






Өтініш беру тәсілдері


Құжаттарды төмендегі тәсілдердің бірі арқылы тапсыруға болады:

  • eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;
  • OQU білім беру платформасы арқылы (қолданылған жағдайда);
  • мектепке жеке келіп, жұмыс күндері тапсыру арқылы.



Қажетті құжаттар тізімі

Ата-аналар (немесе заңды өкілдері) төмендегі құжаттарды ұсынады:

  • баланы 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш;
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
  • №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
  • қажет болған жағдайда заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар.

·Баланың денсаулық паспорты (№ 026/у-3 нысаны).

  • Баланың 3×4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуреті.
  • Көк түсті 20 файлдық папка.
  • Көк түсті жеке іс парағы.






Ата-аналардың құқықтары

Ата-аналар:

  • білім беру ұйымын таңдауға;
  • мектеп Жарғысымен және қабылдау қағидаларымен танысуға;
  • қабылдау мәселелері бойынша кеңес алуға;
  • өтініштің қаралу барысы туралы ақпарат алуға;
  • баланың мектепке қабылдану нәтижесі туралы уақтылы хабардар болуға құқылы.





Болашақ бірінші сынып оқушысының құқықтары

Әрбір бала:

  • тегін бастауыш білім алуға;
  • қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасында оқуға;
  • өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
  • қабілеттері мен дарынын дамытуға;
  • мектеп өміріне қатысуға құқылы.










Құрметті ата-аналар!

Қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, белгіленген мерзімде тапсыруларыңызды сұраймыз.

1-сыныпқа қабылдауға қатысты барлық сұрақтар бойынша мектептің қабылдау комиссиясына немесе мектеп әкімшілігіне жұмыс уақытында хабарласуға болады.




Қош келдіңіздер!

Болашақ бірінші сынып оқушыларына білім әлеміндегі алғашқы қадамдары сәтті болып, оқуда жоғары жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!