2025 – 2026 оқу жылының І жартыжылдық бойынша білім сапасы » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » 2025 – 2026 оқу жылының І жартыжылдық бойынша білім сапасы
09
январь
2026

2025 – 2026 оқу жылының І жартыжылдық бойынша білім сапасы

2025 – 2026  оқу  жылының  І жартыжылдық   бойынша  білім сапасы

2025 – 2026  оқу   жылының  ІІ  тоқсандағы   білім сапасын І  тоқсан  білім сапасымен  салыстыру

2025 – 2026  оқу   жылының  ІІ  тоқсандағы   білім сапасы  көрсеткіштері  І тоқсан   білім сапасымен  салыстыру  төменгі   кестеде  көрсетілген


Жалпы,  тоқсан  аяғндағы   қозғалыс  есебі  бойынша   ІІ  тоқсан аяғындағы  1 – 11   сынып  оқушылар  саны   768,  І  тоқсан   аяғында  оқушылар  саны   765.  Яғни, 3 оқушы  көбейді.   13 оқушы  басқа  мектептерге   ауысып  кетсе,  16   оқушы  мектепке  басқа   мектептерден  келді.

Білім сапасы   көрсеткіші  ІІ  тоқсанда - 66,3% , І  тоқсанмен   салыстырғанда  өзгеріс  жоқ.   Бірақ  І  тоқсан   аяғында  162  оқу үздігі, 296  оқу   екпінділері болса,  ІІ  тоқсан   аяғында  1 оқу  екпіндісі   үздіктер  қатарына  ауысты. Білім сапасы  көрсеткіші   жылдан-жылға  жоғарылап  келеді.   Оған  себеп,  мектеп   мұғалімдерінің  өзін-өзі  жетілдірулері   артып, жаңа  инновациялық  технологияны   жиі  қолдану  салдары. Екінші себебі,  мектебімізде    қосымша  ақылы  қызметтің   тиянақты  жұмыс  істеуі.

Дегенмен,   төмендегі  кестеде  сыныптар   бойынша  мониторинг  жасалып,   ең  төмен  білім сапасын   саралап  көрдік.  Сыныптар бойынша  білім   сапасын  көрсеткіштері  7,9,11-сыныптар 53-59  %  көрсетіп  тұр.    




Қорыта  келе, әр  сыныптарға  жеке   тоқтап  қарасақ, төмендегідей  көрсеткіште, ең  төмен   білім сапасы  көрсеткіші  7А   сыныбы


7А  сыныбына  жеке   тоқтасақ,  ең   төмен   көрсеткіш  7А  сыныыбында   алгебра, геометрия  пәндері:


Алгебра, геометрия   пәнінің  мұғалімі  Сүлейменова   Н С, осы  сыныпты   биыл   ғана  алып  отырғандықтан,   болашақта  жоспарға  оқушылардың   білім сапасын  көтеру  жұмыстарын жоспарлауда


9-сыныптарда  ең төмен  көрсеткіш  сынытың   оқу  үздігімен, оқу  екпінділері   аздығында, яғни 1 үздік, 8 оқу екпіндісі


Сондықтан   сыныпта  Василийқызы  Наргиздың   білім сапасы  көрсеткіші  2 ғана   пәннен (геометрия, химия)    «3»  болғандықтан, болашақта  жоспар   құрылды.

11-сыныптар   бойынша жалпы  білім сапасы, төмендегідей:


Ең  төмен  көрсеткіш,   11Ә  сыныбы, білім сапасы – 47%

Жалпы  сынып  көрсеткіші   төмендегідей:


Білім  сапасы ең  төмен   көрсеткіш  пәндер:  алгебра, геометрия және  география.

Алгебра, геометрия   пән  мұғалімдері  Аганасова Г Ж, география  пәні   мұғалімі  Қалыбаев А Д. Жоспар  бойынша  білім   сапасын  көтеру  жұмыстары   белгіленген.  ІІІ-тоқсанда  50%   білім  сапасына  жететіндіктерін  жоспарлап отыр.

Жалпы,  мектеп  бойынша   білім сапасы  жаман  емес. Бастауыш  сынып   білім сапасының  орташа   көрсеткіші   76%, 5 – 11  сыныптардың  білім сапасының  орташа   көрсеткіштері - 52%.  Мектеп  бойынша   - 66,3%.