Білім сапасының 2025-2026 оқу жылына арналған қорытындысы
Мектептегі оқушылар саны
Жыл соңында 770 оқушыны құрайды.
Мектепалды даярлық сыныптарында – 38 оқушы
1–4 сыныптар – 314 оқушы
5–9 сыныптар – 371 оқушы
10–11 сыныптар – 85 оқушы
1–9 сыныптар – жалпы білім беретін сыныптар;
10–11 сыныптар – жаратылыстану-математикалық бағыт.
Мектепте 47 сынып-кешені және 2 мектепалды даярлық сынып-кешені жұмыс істеді.
Сыныптардың орташа толымдылығы – 21,6 оқушы.
Биыл 9-сыныпты 76 оқушы бітірді, алдын ала мәлімет бойынша 29 оқушы колледждерде оқуын жалғастырады.
Соңғы 5 жылдағы 1 қыркүйектегі оқушылар контингенті
Сыныптар | 2021-2022 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | 2023-2024 оқу жылы | 2024-2025 оқу жылы | 2025-2026 оқу жылы |
1-4 сыныптар | 357 | 371 | 367 | 348 | 311 |
5-9 сыныптар | 425 | 433 | 433 | 420 | 367 |
10-11 сыныптар | 68 | 84 | 90 | 95 | 84 |
барлығы | 850 | 888 | 890 | 863 | 762 |
Соңғы 5 жылда оқушылар саны 2021-2022 жылмен 2023-2024 жылдар аралығында 40 адамға өссе, 2024-2025 оқу жылы 1-сыныпқа аз оқушылар жиналғанынаа байланысты 27 адамға кеміді. 2025-2026 оқу жылы 101 оқушыға кеміді, себебі 2024-2025 оқу жылының апрель айында жаңа 50 мектепке көп оқушылар ауысты және жазғы қозғалыс.
Келу және кету себептері – қала және елдегі басқа білім беру ұйымдарына ауысу.
Сыныптар саны – 45, мектепалды даярлық топтары – 2.
Мектеп бойынша білім сапасының талдауы
классы | 2021 - 2022 учебный год | 2022 – 2023 учебный год | 2023 - 2024 учебный год | 2024 - 2025 учебный год | 2025 – 2026 учебный год |
1 -11 кл | 66% | 60,5% | 61% | 63% | 67,3 % |
Показатели:
- 2022–2023 — 60,5%
- 2023–2024 — 61% (өсу динамикасы 0,5%)
- 2024–2025 — 63% (өсу динамикасы 2%)
- 2025–2026 — 67,3 % (өсу динамикасы 4,3 %)
Қорытынды:
Соңғы 4 жылда білім сапасының өсу динамикасы байқалады. 2023 жылы аздаған өсім болғанымен, 2023-2024 жылы 0,5 өсу көрінеді, 2024-2025 оқу жылы өсу динамикасы 2% көрсетсе, 2025-2026 оқу жылы 4,3% . Яғни, 2022-2023 оқу жылымен салыстырғанда 4 жылда мектептің білім сапасы 6,8% -ға өсті. Соңғы төрт жылда көрсеткіштердің жақсаруы байқалады.
Ұсыныстар:
- Орта деңгейдегі оқушылармен жеке жұмысты күшейту;
- Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін цифрлық құралдар мен сараланған тапсырмаларды қолдану;
- Оқыту сапасын ішкі бақылауға және қорытынды аттестацияға дайындыққа ерекше назар аудару.
Оқу жылдары | 2021 - 2022 | 2022-2023 | 2023-2024 | 2024-2025 | 2025-2026 |
Барлық оқушылар саны | 876 | 888 | 890 | 863 | 700 |
Оқу үздіктері | 201 | 191 | 183 | 178 | 171 |
Оқу екпінділері | 296 | 289 | 296 | 320 | 300 |
Білім сапасы | 66% | 60,5% | 61% | 63% | 67,3% |
Оқу үлгерімі | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
Үздіктер саны жыл сайын тұрақты түрде азайған (201-ден 178-ге дейін).
Жалпы төмендеу: –23 оқушы. Үлес бойынша қарасақ: 2021–2022: ~23%, 2025–2026: ~21% Яғни, тек саны ғана емес, үлесі де азайған.
Оқу екпінділерінде керісінше: алғашында аздап төмендеу болса, соңғы екі жылда айтарлықтай өсім көрініп тұр (+24 оқушы). Үлес бойынша: 2021–2022: ~34%, 2025–2026: ~37%. Яғни, екпінділер саны мен үлесі артқан.
Білім сапасының динамикасы 66% → 60,5% (күрт төмендеу), кейін: 61% → 63% → 67% Жалпы: алғашқы жылы білім сапасы жоғары болған, кейін төмендеп, соңғы жылдары біртіндеп қалпына келді.
2023–2024 оқу жылында 1–11 сыныптардағы білім сапасы 61% құрады, бұл 7% төмендеуді көрсетеді. Бұл төмендеу ІІІ–ІV тоқсандарда кейбір оқушылардың қаладағы Экономикалық лицейге ауысуына байланысты түсіндіріледі.
Жалпы қорытынды, оқушылар саны соңғы жылдары азайғанымен, білім сапасы тұрақтанған, үздіктер саны азайып, олардың бір бөлігі екпінділер қатарына ауысқан, соның нәтижесінде: екпінділер саны артып, білім сапасы қайтадан өсу көрініп тұр. Яғни, мектепте орта деңгейлі жақсы оқитын оқушылар саны көбейіп, ал өте жоғары деңгейдегі (үздік) оқушылар саны азайғаны көрініп тұр.
Бұл нәтижелерге педагогикалық ұжымның білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысы ықпал етті, соның ішінде:
- жыл бойы оқушылардың білім, білік, дағдыларын мониторингтен өткізу;
- оқытудағы сабақтастықты талдау;
- сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің әртүрлі жұмыс формаларын қолдануы;
- оқуға деген ынтаны арттыру жұмыстары;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту;
- білім алуға деген қызығушылықты арттыру.
Негізгі пәндер бойынша 2025 2026 оқу жылына арналған білім сапасы

