2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығындағы ҚОСЫМША АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ жұмысына талдау » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » 2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығындағы ҚОСЫМША АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ жұмысына талдау
13
январь
2026

2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығындағы ҚОСЫМША АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ жұмысына талдау


    2025-2026   оқу  жылының 1 қазанынан  бастап   мектебімізде  қосымша  ақылы білім беру қызметі  жұмысын жасап келеді


Қосымша  ақылы білім беру қызметінің  басты мақсаты:

  • оқушының  әр түрлі қабілеттерінің  жаңа қоғамда   дамуы болып табылады;
  • мектепте оқыту барысында, барлық балалар әлеуметтік белсенді болады;
  • оқушы өзінің  дағдысын  меңгеріп   үйренеді;
  •  көшбасшылық қасиеттері мен өзін-өзі білім көрсету қабілетін   дамытады;
  • ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының түрлі орындауға және   ынталандыруға  түрткі болады;


Қосымша  ақылы білім беру қызметінің  міндеттері:


     Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;  

      Қазіргі  уақытта    балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудегі   жетекші бағыт  үздік  білім алу болып табылады және білім беру саласында өзіндік қажеттіліктері бар.

      Қазақстан Республикасының  «Білім туралы Заңының»  63  бабының  

3 бөліміндегі өзгерістермен  қосымшалары   негізінде  және  Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің тәртібінің  2 пунктінде   төмендегідей айтылғандай:


Ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетулерге:
       1) қосымша бiлiм беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсетулер;
       2) пәндердiң арнаулы курстары мен циклдарын қосымша оқыту жөнiндегi қызмет көрсетулер;
       3) репетиторлық (жекелеген оқушылармен жеке түрде оқу жоспары бойынша сағаттардың санынан тыс пәндер бойынша қосымша сабақтар өткiзу) жөнiндегi қызмет көрсетулер;
       4) оқушыларға пәндердi қосымша тереңдетіп оқыту (мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарының тиiстi бiлiм беру бағдарламаларының шеңберiнен тыс) жөнiндегi қызмет көрсетулер;
       5) балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған қосымша дене тәрбиесi-сауықтыру бағдарламалары бойынша қызмет көрсетулер;ж т б  қосымша  ақылы білім бере  алады.

Осы  бөлімдерді   негізге  ала  отырып   жалпы, оқушылардың  білім  сапасын   көтеру, дарынды  оқушыларға  қолдау   көрсету,  білімдерін  тереңдету   мақсатында және ата аналар мен оқушылардың   сұрауы   мен өтініштері  бойынша  2025 – 2026   оқу  жылының  1   қаңтарынан  төмендегідей  атаумен қосымша  ақылы   білім  беру  курстары   өз жұмыстарын  жүргізіп келеді:

1

Секетаева Т .М

"Қызықты  математика"

1 А

2

Кожанова Т А

"Оқу  сауаттылығы"

1 Ә

3

Скакова Г С

"Страна  математических  знаний"

1 Б В

4

Рахимжанова А.А 

"Қызықты  математика"

2 А

5

Бейсембаева А Б

"Оқу  сауаттылығы"

2 Ә

6

Кунафина Ж С

"Қызықты  математика"

2 Б

7

Байгараева А Ж

"Занимательная  математика"

2 ВГ

8

Байтуғанова А А

"Тіл  мәдениеті"

3 Ә

9

Ахатова З С

"Қызықты  математика"

3 Б

10

Хасанова Е С

"Занимательная  логика и     математика"

3 В

11

Нуртаева А А

"English  course"

3 ВГ

12

Советова М С

"Easy  English"

4 А

13

Оразгали А О

"Қызықты  математика"

4 Ә

14

Сапакова К С

"Қызықты  математика"

4 Б

15

Кузембаева Ч К

"Основы грамматики"

4 Б

16

Махмутова М Ж

"Funny  English"

5 А

17

Бектурганова Н А

"Қызықты  матемтаика"

5 А

18

Сулейменова Н С

"Қызықты  матемтаика"

5 Ә

19

Амерханова А Д

"Приключения в стране  грамматики"

6 БВ

20

Толеуханова Ш.С 

"Физикалық  есептерді     шығару  жолдары"

7,8 АӘ

21

Жүрсінова  А Н

"Химия  таңғажайыптар  әлемі"

7 АӘ 

22

Нурмухамбетова К С

"Language  Lab"

8 В

23

Захарова Т Е

"Подготовка  к ИА"

9 В

24

Ныгыманбекова К М

"Елтану"

10 А

25

Аганасова Г Ж

"Теңдеулермен теңсіздіктер"

11 АӘ


Аталған курстар  аптасына   1 рет, айына  4  сағат   өтіп  келді.   Әр   курс  бағдарламалары  бірлестік   жетекшілерінің әдістемелік   кеңесінде  талқыланып, бекітілді. 

Ата-аналар   мүшелерімен  мектеп  мұғалімдерінің  қатысуымен жиналыс өтіп,  хаттамасы   беріліп отырды.

Төмендегі   фотолардан  қосымша  ақылы   білім  беру  қызметінің   жұмыс  барыстарын  көруге   болады:


7-класстарда  физика пәнінен"Физикалық  есептерді   шығару  жолдары" атты курста,  мұғалім   Төлеуханова Шынар Сарсеновна  оқушыларды  тек есепті  шыгартып  кана қоймай,   жасанды  интеллектті  қолданып, формулаларды сөйлеткен.




Орыс тілі пәні мұғалімі Кузембаева Чолпан Кенеспековна"Основы грамматики" атты  курсында   көбінесе  ойын  түрінде    оқушылардың  кызығушылығын  арттырып, ақылы сабаққа  қатысушылардың  білім сапасы   56%  болса, I жартыжылдыықта   61%  білім сапасы  көрсеткішін беріп  отыр.

1А  сыныбының  мұғалімі   Секетаева Толкын Мураткызы   математика  пәнінен"Қызықты   математика"  курсында  оқушылармен   тек  кана  ойын   түрінде  математика  пәніне   деген  қыызығушылыықтарын  арттырып, болашақта  санау, есептеу, теңдеу  шешу, оңай   тәсілмен  есептер  шығару   қабілеттерін  арттырады.

 


1Ә   сынып  мұғалімі  Кожанова Тогжан Ахметкановна"Оқу  сауаттылығы" атты   курсыында  оқушылармен  іс-қимыл   әрекеттерін  дамыта отырып,  оқу   сауаттылыықтарына  көп  көңіл бөліп,   оқушыларды  мәнерлеп  оқи білуге, есте  сактау, әдепті  сөйлеу   манераларына  көп  көңіл аударады.

 


2А  сынып   мұғалімі   Рахимжанова  Айман Абетаевна  «Қызықты математика»  курсында   сабақты  түрлендіріп, әр тұрлі әдіс-тәсілдерді  қолданып, жасанды интеллектті де  қолдана отырып, оқушылардың математика  пәнінен  білім сапасын   көтеруге, және  білімдерін  жетілдіруге   алдына  үлкен мақсат  қойған.   Жылдың  басында  білім сапасы   69%-ды  көрсетсе, ІІ  тоқсан   аяғында  88% білім сапасы  көрсеткішін   берді.  Қосымша  ақылы   сабаққа  класстын  70%   қатысып,  үлкен   жетістік  үстінде.

Бүгінгі  күні   25  мұғалім ақылы  қызмет   көрсетіп  жатыр.  Барлық   курстар  жан-жақты, өз деңгейінде  мектептің білім сапасын  көтеруде   жұмылып  жұмыс  істеуде.

Жалпы,  мектебімізде   қосымша  ақылы  сабаққа   қатысқан  оқушылардың  білім   сапасы  53%  көрсеткішпен   келсе, І жартыжылдықтағы   қорытынды  67%  көрсетіп   отыр.  Яғни,  көрсеткіш   динамикасы  +14%   көтеріліп, үлкен жетістіктердің   бірі  болып отыр.